18.01.2016, 18:04 4102

Алматыда билетсіз жүрген 172 жолаушыға айыппұл салынды

Алматыда қоғамдық көліктерде жол ақысын "ОӉАЙ" картасы арқылы төлемеген 172 адамға айыппұл салынды. Олардыӊ ішінде жолаушылар, жүргізушілер және кондукторлар да бар

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда қоғамдық көліктерде жол ақысын "ОӉАЙ" картасы арқылы төлемеген 172 адамға айыппұл салынды. Олардыӊ ішінде жолаушылар, жүргізушілер және кондукторлар да бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жолаушыларға 4,2 мыӊ теӊге көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды "Алматы қалалық көлік холдингі" ЖШС-ныӊ баспасөз қызметі.

"Билетсіз жүрген жолаушыларды анықтау жұмыстары күнделікті күшейтілген режімде жүргізілетін болады. Жол ақысы, тікелей жолаушы тасымалдаушы компаниялардыӊ есеп-шотына келіп түседі, ал бұл, қалада қоғамдық көлік желісініӊ сапасын арттырады.

11-17 қаӊтарда аралығында "ОӉАЙ" электронды көлік картасы арқылы 175,4 млн теӊгеге 2,7 млн транзакция жасалған. Ал егер жолаушылардыӊ барлығы бірдей жол ақысын дер кезінде төлеп тұрса, тасымалдаушы компаниялардыӊ есеп-шотына келіп түсетін қаржыныӊ көлемі арта түседі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "ОӉАЙ" электронды жүйесі жолаушылар легін дұрыс және тиімді жүргізу үшін нақты деректер алуға, қоғамдық көліктердіӊ бағдарлық желісін жолаушыларға ыӊғайлы етіп қалыптастыруға және жол ақысын көлеӊкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жерде жолаушылардыӊ адал ниеттілігіне көп нәрсе байланысты.

18 қаӊтарӊа дейін 705,3 мыӊ "ОӉАЙ" көлік картасы сатылды және таратылды. Алайда, бүгінгі күні карта иелерініӊ тек 40 пайызы ғана төлем жасаған.

"Ал егер де жолаушылардыӊ барлығы бірдей жол ақысын заӊды жолмен төлейтін болса, онда қаладағы көлік саласын реформалау қарқынды түрде жүргізілер еді", - делінген хабарламада.

Осы мақсатта 18 қаӊтарынан бастап, "Алматы қалалық көлік холдингі" ЖШС қалалық ІІД бірлесіп, барлық аудандардағы қоғамдық көліктерде билетсіз жүрген жолаушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізе бастады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны