09.08.2012, 14:39 3456

Алматыда билік өкілдері пәтерлерді жалға беру және ПИК саласында тәртіп орнатпақ

Алматы әкімдігі үкіметке пәтерді заңсыз жалға бергені үшін жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныс жасамақ. Бұл туралы бейсенбі күнгі кеңесте қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

Алматы. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда билік өкілдері пәтерлерді жалға беру және ПИК саласында тәртіп орнатпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

Алматы әкімдігі үкіметке пәтерді заңсыз жалға бергені үшін жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныс жасамақ. Бұл туралы бейсенбі күнгі кеңесте қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

А.Есімовтің айтуынша, жылжымайтын мүлікті заңға беру саласында жүрген кәсіпкерлердің көпшілігі қалалық салық комитетіне тіркелмейді.

"Ішкі істер департаменті, салық комитеті, ПИК басшылары пәтерді заңсыз жалға беру фактілерін анықтау жұмыстарын күшейтуі тиіс. Бұдан мемлекет қазынасы ғана зардап шегіп отырған жоқ, бұл - тәртіп, түптеп келгенде біз бен сіздің қауіпсіздігіміз", - деп қосты А.Есімов.

Оның пікірінше, учаскелік полицейлер мен ПИК әкімшіліктері өз учаскелерінде кімдердің тұрып жатқанынан бейхабар. "Ол туралы білетін болса өткендегідей қылмыстарға жол бермеуге болар еді", - деп атап өтті әкім.

Икімнің деректеріне сүйенсек, Алматыда жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын 7 мың 880 жеке кәсіпкер тіркелген.

"Бірақ бюджетке 553 млн теңге ғана түседі, бұл тиын-тебен ғой", - деді А.Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны