28.07.2018, 15:32 13062

Алматыда "Білім - ортақ қазына" атты білім орталығы іске қосылды

Алматыда 8 аудан бар. Жақында осындай заманауи орталықтар қаланыӊ әрбір ауданында ашылады", - деді "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалыныӊ төрағасыныӊ орынбасары Алмажан Бақторазова.

Алматы қаласыныӊ әр ауданында білім орталықтары жұмыс істейтін болады

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда С.Бегалин атындағы Орталық балалар кітапханасында "Нұр Отан" партиясыныӊ "Қазақстан кітапханалары - заманауи білім орталықтары" жобасы аясында Алматы қаласы мәдениет басқармасымен бірлесе отырып "Білім - ортақ қазына" атты білім орталығы іске қосылды.

Осы айда осыған ұқсас орталықтар қаланыӊ үш кітапханасында ашылды. Партияныӊ бұл бастамасын қала кітапханаларыныӊ қызметкерлері мен балалардыӊ ата-аналары қолдап отыр. Олар орталықта жыл бойы өз қызығушылықтары бойынша робототехника, сурет салу, музыкалық аспаптарда ойнау, тоқу, компьютерік курстар және тағы басқалар клубтарға қатыса алады. Барлығы қаланыӊ түрлі аудандарында 27-ден астам клубтар ашылды.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы шеӊберінде біз заманауи білім орталықтарын ашып отырмыз. Ағымдағы жылдыӊ 23 мамырында бірінші білім орталығын Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында аштық. Шілдеде Жазушылар одағында, қалалық 4-ші және 6-шы кітапханада аштық. Ал бүгін С.Бегалин атындағы Орталық балалар кітапханасында ашып отырмыз. Біздіӊ орталықтардыӊ бір ерекшелігі сонда, оларда бұрынғы кітапханалардағы секілді кітап сөрелері жоқ, олар коворкинг орталығы түрінде ашылған. Балалар келіп сабақпен шұғылданып, шеберлік сабақтарынан өтіп, кәсіптіп оқыту бағдарламасы бойынша ақыл-кеӊестер алады. Жобаныӊ мақсаты - балалардыӊ жазғы демалыс кезінде көшеде жүрмей, осындай орталықтарға келіп қызықты дүниелермен шұғылданып, деӊгейлерін көтеруіне септесу. Мұндай клубтар мен білім орталықтары, еӊ алдымен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға бағытталған. Алматыда 8 аудан бар. Жақында осындай заманауи орталықтар қаланыӊ әрбір ауданында ашылады", - деді "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалыныӊ төрағасыныӊ орынбасары Алмажан Бақторазова.

Орталықтыӊ басты ерекшелігі - оқырмандар керекті кітаптарын оқып, интернеттен ақпарат алудан басқа, арнайы шақыртылған мамандардан дәріс ала алады, шеберлік сағаттар, психологиялық тренингтер өтеді. Отандық кітапханалардыӊ барлығы онлайн-жүйесіне қосылады деп көзделіп отыр. Кітапханаларды жаӊғыртып, оқырман мәдениетін қалыптастыру "Нұр Отан" партиясы ұсынған 22 жаӊа жобаныӊ бірі. Қазақстандық кітапханалар заманауи бағытта қызмет көрсетіп, халықтыӊ маӊызды, сұранысқа ие кез келген әдебиетті оқуына жол ашылатын болады.


Бүгінгі күні кітап форматы трансформацияланып, электрондық форматқа көшуде. Кітаптарда тек қағаз түрінде ғана емес, электрондық нұсқада да алуға болады.

"Біздіӊ оқырмандарымыз көп. Жыл сайын мұнда 17 мыӊ оқырман келеді. Кітапханадағы кітап қоры 474 мыӊға жетеді. Біздіӊ кітапхана 0 мен 16 жас аралығындағы балаларға арналған, бірақ, келушілер, қала тұрғындары тарапынан жоғары сұраныс болуға байланысты біз студенттерге де қызмет көрсетіп отырмыз. Сондай-ақ, ересектер, оқытушылар мен балабақшалардыӊ тәрбиешілері мен балалар мекемелерініӊ қызметкерлері де бар. Балаларға арнап біз түрлі сан бағыттағы жұмыстар жүргіземіз. Бізде 28 үйірме бар. Олардыӊ бәрі де ақысыз, өйткені біз мемлекеттік мекемеміз. Осыған байланысты оқырмандар саны көп. Бала өзіне ұнаған кез-келген үйірмені таӊдай алады. Бұлар - робототехника, домбыра, сурет салу, ағылшын тілі және т.б.", - деді С.Бегалин атындағы Орталық балалар кітапханасыныӊ басшысы Алма Қонарова.


Бұл жобаға тек кітапхана қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге еріктілер мен студенттер де қатысуда. Олар да өзіндік үлестерін қосып, балалармен шұғылдануда.

Бұған қоса кітапханада оқырмандар үшін қолжетімді компьютерлік орталықтар да бар. Бұл орталықтарда аға буын өкілдерін компьютерлік сауаттылыққа оқыту іс-шаралары да жүргізіледі.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны