23.07.2007, 16:08 3116

Алматыда бір бұзылатын үйдің тұрғындары "Алматыжер" ұсынып отырған өтемақыға көңілдері толмай екі аптадан бері аштық жариялауда

Алматыда бір бұзылатын үйдің тұрғындары "Алматыжер" ұсынып отырған өтемақыға көңілдері толмай екі аптадан бері аштық жариялауда

АЛМАТЫ. 23 - шілде. Kazakhstan Today. Алматыда Қабанбай батыр мен Сейфуллин көшелері қиылысының маңындағы бір бұзылатын үйдің тұрғындары "Алматыжер" ұсынып отырған өтемақыға көңілдері толмай екі аптадан бері бойы аштық жариялауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгін біз аштық жариялағалы 15-ші күн, бірақ, бізде ешкімнің шаруасы жоқ",- деп хабарлады аштық жариялап отырғандар. Олар, сонымен қатар, өздерінің денсаулықтарының күрт нашарлағандығын және басқаның көмегінсіз қозғалуларының ауырға соғып отырғандарын да айта кетті.

"Бізге Алмалы ауданы әкімінің орынбасары мен әкім келіп, екі күн ішінде көмек көрсетуге уәде берген, бірақ міне екінші апта өтті",- деп атап өтті бұзылатын үйдің тұрғындары.

Аштық жариялаушылардың айтуынша, қазіргі уақытта құрылыс салушы "Альпари" ЖШС бір шаршы метріне 7 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы ұсынып отыр. "Біздің пәтерлеріміздің жалпы көлемі 66 шаршы метрден, біз бір шаршы метріне кем дегенде 10 мың АҚШ долларын сұрап отырмыз",- деді наразылық шарасына қатысушылардың бірі.

Аштық жариялаушылар "Алматыжер" мен "Альпари" ЖШС құжаттамасы (жер телімін тәркілеу туралы қаулы. - Kazakhstan Today ескерт.) дұрыс емес дегенді нұсқап отыр. "Қаулыда көп пәтерлі тұрғын үй кешені салынады деп жазылған, бұл жерде халықаралық дәрежелі қонақ үйдің бой көтеретіндігі көрсетілмеген. Бұл қаулыны біз көрген жоқпыз",- деп хабарлады аштық жариялауға қатысушылар. Олар өздерінің алған хабарламасында Алмалы ауданының орнына Бостандық ауданының, Алматы қаласының орнына Астана қаласы деп көрсетілгендігін түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, аштық жариялаушылар "өздерінің барлық талаптары қанағаттандырылмайынша аштық жариялауды тоқтатудан бас тартатындықтарын" атап көрсетті.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қабанбай батыр мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында өткен жылдың күзінде Оқушылар сарайының ғимараты бұзылған болатын. 1992 жылы атауы Алматы қалалық жас таланттар сарайы болып өзгертілген бұл ғимарат 2005 жылдың қарашасында "Альпари" ЖШС-іне сатылған болатын, бұдан кейін жаңа қожайын "Қазақ сейсмологиялық бекем құрылыс және сәулет ҒЗИ" берген ғимарат ахуалының нашарлығы туралы қорытындысына сүйене отырып оны бұзуға рұқсат алған.

2006 жылдың ақпанында Алматы қаласы әкімшілігінің қаулысымен Оқушылар сарайының ғимараты мен оған жапсарлас жатқан жер телімдерін мемлекет қажеттілігі үшін тәркілеуге дайындау туралы шешім қабылданған. Оқушылар сарайының орнына қонақ үй салу жобалануда.

Икімшіліктің шешімі қоғам тарапынан ауқымды наразылық тудырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны