02.03.2007, 18:27 3110

Алматыда бір оқушы қыз мектеп аумағында жарақаттағыш тапаншамен құрбысын жаралады

АЛМАТЫ. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда О.Жандосов атындағы халықаралық лингвистикалық гимназияда (№105 гимназия) оқитын оқушы қыз мектеп аумағында құрбысын жарақаттағыш "Оса" тапаншасымен жаралады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне құқық қорғау мекемелеріндегі ақпарат көзі хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, төтенше оқиға 21-ақпан күні кешке болған. "Икесінің қызмет көлігінде отырған 6 сыныпта оқитын қыз абайсызда өзімен бірге оқитын қыздың бетінен тапаншамен атып жіберген",- дейді ол. Оның айтуынша, "Оса" тапаншасы қыздың әкесіне тиесілі. Ал ол, агенттікке белгілі болғанындай, "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС президентінің көмекшісі болып істейді. Ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл оқиғаны полиция қайғылы оқиғалар санатына жатқызған.

Зардап шеккен қыз бала №1 орталық балалар ауруханасына жабық бас жарақатымен жатқызылған.

Орталық балалар ауруханасының шұғыл хирургия бөлімінің қабылдау бөлімшесіндегілер бұл деректі растады. Кезекші медбикенің мәліметіне сәйкес, өткен аптада расында да ауруханаға басынан оқ тиген он екі жасар қыз түскен. Қазір зардап шеккен қыз нейрохирургия бөлімінде жатыр. Оның денсаулығы туралы мәліметті дәрігерлер бермей отыр.

Алматы қалалық білім беру департаментіндегілер мектеп оқушысының жараланғаны туралы ақпаратты растағанымен, оқиғаның егжей-тегжейі туралы ашып айтпады. "Өзім осы уақытта іссапармен кеткен едім. Сол себепті ол жерде дәл қандай оқиға болғанынан бейхабармын. Бұл оқиғамен қалалық ІІД айналысып жатыр",- деді агенттік тілшісіне берген сұхбатында қалалық білім беру департаменті директорының орынбасары Галина Самотокова.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі гимназияда болған оқиғаны жарым-жартылай ғана растады. "Қыз бала мектепке "Оса" тапаншасын әкелген, бірақ одан ешкім оқ атқан жоқ, зардап шеккен де ешкім жоқ",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны