Система Orphus

Алматыда бірден бірнеше маӊызды объектілерге архитектуралық жарықтар орнатылды

05.07.2018, 22:39 5021

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда қаланыӊ маӊызды объектілеріне архитектуралық жарық беру жұмыстары жалғасуда. Кешке қарай мегаполистегі Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Офицерлер үйі, 28-ші гвардияшыл- панфиловшылар атындағы саябақтағы Даӊқ Мемориалы мен Бауыржан Момышұлыныӊ ескерткіші, Жамбыл атындағы республикалық филармония мен Қазақ мемлекеттік циркініӊ ғимараттары түнгі жарықтар нұрына бөленді.

Қазіргі кезде архитектуралық жарық көздері көптеген мегаполистерде қолданылады, олар әр көрнекі орындарды айшықтай түсіп, кешкі серуен кезінде қолайлы жағдай туғызады. Өз кезегінде заманауи энергияжинақтаушы технологиялар электроэнергиясын үнемдеп, жарық көздерініӊ ұзақтығын қамтамасыз етеді.

Алматыда соӊғы екі жылда қала ғимараттарын, нысандары мен ландшафтарын кешкі және түнгі нұрландырудыӊ бірыӊғай архитектуралық стилін қалыптастыру барысында 120-дан астам маӊызды архитектуралық объектілерге көмескі жарық көздері орнатылды.

Олардыӊ арасында Тәуелсіздік Монументі, "Қазақстан" қонақ үйі, "Көктөбе" телемұнарасы, Абай атындағы опера және балет театры, Республика Сарайы, Иуезов атындағы театр, Қастеев атындағы музей, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы және басқа да маӊызды ғимараттар бар.

Алматыныӊ бір стильдегі архитектуралық жарық көздері бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы жүзеге асуда.

Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жазда 157 көше жөнделеді, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаӊа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊынан өзге мегаполистіӊ бірқатар негізгі даӊғылдары түгелдей жаӊарады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны