28.10.2018, 14:01 4680

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ үйі ашылды

БҰҰ үйі қаланыӊ іскер ауданында, Ботаника бағы мен "Атакент" көрме орталығына және негізгі магистральдарға жақын жерге орналасқан. ББҰ-ныӊ өкілдігі жаӊа офиске биылғы жылдыӊ аяғында көшеді деп күтілуде.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы үйініӊ тұсаукесері өтті. Жоғары халықаралық стандарттарға және қауіпсіздік талаптарына сай жасалған офистіӊ ашылуына елшілік корпустарыныӊ және БҰҰ-ныӊ 14 өӊірлік офистерініӊ өкілдері қатысты.

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Алматыныӊ тұрақты дамуды ұстанатынын атап өтті. "Қала адамдар үшін" концепциясы аясында қоғамдық кеӊістік модернизациялануда, оныӊ ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайлар жасалуда. БҰҰ-ныӊ даму Бағдарламасына сай "Тұрақты көлік" жобасы жүзеге асуда.

"Алматыда 29 консулдық пен сауда өкілдіктері бар, сонымен қатар ірі трансұлттық компаниялардыӊ 60-тан астам офистері орналасқан. Қазақстан - бейбітшілікті сүйетін әрі қауіпсіз ел. Мемлекет басшысыныӊ институционалды реформаларыныӊ арқасында тұрақты экономикалық өсім қамтамасыз етілген. Біз қаланы халықаралық ұйымдардыӊ өӊірлік хабына айналдыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. Бүгін ДДҰ Алматы декларациясына қол қойылғанына 40 жыл толуына арналған "Мэрлер саммитініӊ" өтуіне орайластырылған БҰҰ-ы жаӊа үйініӊ тұсаукесері біздіӊ ортақ ынтымағымыздыӊ тарихына алтын әріптермен жазылатынына сенімдімін", - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ-тіӊ Еуропа және Орта Азия елдері бойынша өӊірлік директоры Афшан Хан Алматыдағы жаӊа офистіӊ өӊірлік өкілдіктер қызметіне тыӊ серпіліс беретінін және Қазақстанныӊ өркендеуіне үлес қосатынын, ал Қазақстанныӊ ББҰ одан әрі дамуына барынша ықпал ететінін атап өтті.

"БҰҰ Бас хатшысыныӊ атынан Қазақстанға, сыртқы істер министрлігіне, қала әкімшілігіне осындай игі шараларды жүзеге асырғандары және барлық өӊірлерде тұрақты дамуды мақсат еткендері үшін алғыс айтамын. Бұл жаӊа офис халықаралық ұйымдармен ғана емес, сонымен қатар елдіӊ дарынды жастарымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жаӊа мүмкіндіктер береді", - деп атап өтті Афшан Хан.

БҰҰ үйі қаланыӊ іскер ауданында, Ботаника бағы мен "Атакент" көрме орталығына және негізгі магистральдарға жақын жерге орналасқан. ББҰ-ныӊ өкілдігі жаӊа офиске биылғы жылдыӊ аяғында көшеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны