05.08.2008, 18:04 3232

Алматыда бірінші кезекте экологиялық шараларды, сондай-ақ, энергиямен және жылумен жабдықтауды қаржыландыру қажет - сауалнама мәліметтері

Алматыда бірінші кезекте экологиялық шараларды, сондай-ақ, энергиямен және жылумен жабдықтауды қаржыландыру қажет - сауалнама мәліметтері

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің оқырмандары Алматыда бірінші кезекте экологиялық шараларды, сондай-ақ, энергиямен және жылумен жабдықтауды қаржыландыру қажет деп есептейді. Агенттік сайтындағы интерактивті сауалнаманың нәтижелері осыны көрсетеді.

Агенттік сұрағы мынадай болған: "Сіздің пайымдауыңызша, Алматыда бірінші кезекте нені қаржыландыру қажет?"

Экологиялық шаралардың дамудың басымдыққа ие, яғни, қаржыландыру бағыты болуы үшін оқырмандардың 25 пайызы дауыс берген. Сонша адам энергиямен және жылумен жабдықтауды қаржыландыруға өз дауыстарын берген. Сауалнамаға қатысқандардың 22 пайызы ақша қаражатты әлеуметтік саланың нысандарын (мектеп, аурухана, балалар бақшаларын) салуға жұмсау керек деп есептейді. Оқырмандардың тағы 18 пайызы аяқталмаған құрылысты қаржыландыруға өз дауыстарын берсе, 7 пайыз сумен қамтамасыз етуге берілген. Бұдан басқасын дауыс бергендердің 4 пайызы таңдаған.

Сауалнамаға барлығы 683 адам қатысқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны