10.12.2018, 01:53 8489

Алматыда бірінші Орталық Азия деректі кино форумы өз жұмысын бастады

Форумныӊ бірінші күні өзбек бағдарламасына, екінші күні - қырғыз бен тәжік бағдарламаларына беріледі, ал шараныӊ соӊғы күні қазақ бағдарламасы көрсетілімі аяқтайды.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда Елбасыныӊ "Ұлы даланыӊ жеті қыры" мақаласы аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумы өз жұмысын бастады.

Форумныӊ ашылу салтанатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыныӊ ректоры, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, философия докторы (PhD) А. Маемиров, Шакен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ныӊ президенті, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, ақын, сценарист, режиссер Б.Қайырбеков, "Кино және ТВ" факультетініӊ деканы, өнертану кандидаты, доцент Г.Мурсалимова және бірқатар кино мамандары сөз сөйлеп, көрсетілетін фильмдерге қысқаша тоқталды.

Жиын барысында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясыныӊ ректоры, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, PhD докторы:

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Ұлы даланыӊ жеті қыры" мақаласы аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумыныӊ өткізілу себебі, түп-тамырымызды, ұлттық тарихымызды тереӊінен зерделеп, деректі фильмдер арқылы кино кеӊістігіне шығару. Академияда "Кино және ТВ" факультетінде деректі фильм режиссурасы нақты жүелі түрде жолға қойылған. Жуырда ғана Елбасы Орталық Азия мемлекеттерініӊ отырысында мәдени байланыстарды жолға қою туралы нақты бағдарламалардыӊ тұжырымдамалары жасалып дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Елбасыныӊ "Ұлы даланыӊ жеті қыры" мақаласыныӊ идеяларын жүзеге асырудыӊ көрінісі болмақ. Еліміздіӊ рухани құндылықтарын кеӊінен дәріптейтін деректі фильмдер әлемдік деӊгеӊгейде үлкен мәнге ие. Форум аясында Қазақстанныӊ деректі фильмдеріне арнайы уақыт бөлеміз. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан фильмдері осындай мәнге ие және еӊ білікті алға ұстайтын жоғары деӊгейдегі режиссерлер келіп отыр. Аталмыш форум барысында екі фильмніӊ тұсаукесері өтеді. Бұл Қазақстандағы ресми көрсетілімдері өзбек режиссерлерініӊ Венеция фестивалінде жеӊімпаз атанған "Ұлықбек" деректі фильмі. Жалпы деректі фильм арқылы тарихи тұлғаны қандай деректер арқылы көрермендерге ұсынуға болады. Осы орайда, қазақстандық кинорежиссер Бақыт Қайырбековтыӊ фильмін шығарғалы отырмыз. Бұл фильмде Ұлы Даланыӊ түркі тектес халықтарыныӊ тарихын арқау еткен фильмніӊ алғашқы көрсетілімі көпшілікке таныстырылады. Сондай-ақ, әрбір мемлекеттен жиырмаға жуық фильмдер көрсетілмек, - деп атап өтті.

Бірінші Орталық Азия деректі кино форумыныӊ өтуіне мұрындық болған сценарист, режиссер-документалист, ҚазҰӨА доценті Асия Байгожина. Шараға Орталық Азия аймағыныӊ белгілі документалистері, КСРО Мемлекттік сыйлығыныӊ лауреаты, режиссер Шухрат Махмудов, Өзбекстандық сценарист және кинотанушы Разика Мергенбаева, кинотанушы, ХКФ арт-директоры, философия ғылымдарыныӊ докторы Садулло Рахимов, Тажікстаннан режиссер және продюсер, ХКФ лауреаты Орзумурод Шарипов, кинотанушы, НЕТПАК пен ФИПРЕССИ әділқазылар мүшесі Гульбара Толомушова, Қырғызстаннан жас документалисттердіӊ көшбасшысы Жанышбек Дадабаев, атақты документалист, режиссер Владимир Тюлькин, режиссер Ануар Райбаев, кинотанушы, Қазақстанныӊ деректі киносы туралы диссертацияныӊ авторы Александра Лумпова, жас және талантты режиссер Евгений Лумпов қатысуда.

Форумға іріктеліп алынған фильмдер Азия киносыныӊ бүгінгі бағыты. Бүгінгі мен болашақты жалғастыратын көптеген үзіктерден құралған портрет.

Форумныӊ бірінші күні өзбек бағдарламасына, екінші күні - қырғыз бен тәжік бағдарламаларына беріледі, ал шараныӊ соӊғы күні қазақ бағдарламасы көрсетілімі аяқтайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны