16.03.2007, 11:23 3094

Алматыда бірнеше көшенің тұрғындары бірігіп, әкімнің жерді тәркілеп алу туралы қаулысын заңсыз деп тануды талап етіп сотқа шағымданды

АЛМАТЫ.16 наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда бірнеше көшенің тұрғындары бірігіп, әкімнің жерді тәркілеп алу туралы қаулысын заңсыз деп тануды талап етіп сотқа шағымданды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлайды.

"Біз қалалық сотқа әкімнің Немирович-Данченко-Братская- Фадеев-Райымбек көшелері арасындағы жерді алу туралы қаулысының заңсыздығын тануды талап етіп арыз бердік. Арызға бір жарым мың тұрғын қол қойған. ",-деп хабарлады агенттік тілшісіне жер учаскелерінің бір қожайыны Наталья Титова.

Оның айтуынша, 2005 жылы тамыз айының аяғында осы ауданның тұрғындары "Алматыжерден" хабарландыру қағаз алады. Онда тұрғындарға жер учаскелері мен баспаналарын беру үшін қажетті құжаттарды әкеліп дайындау туралы жазылған. "Ол қағазды тек үш көшенің тұрғындарына ғана таратты. Біздің ашу-ызамыздан қорқып олар өзгелерге бермеді",-деді Н.Титова.

Алайда кейін аудан тұрғындары Алматы әкімінің №2/209 " жер телімдерін мемлекеттік қажеттілікке алу үшін мемлекеттік органдардың өкілеттілігін жұмылдыру шаралары" және әкімшіліктің №5/720 "Жер телімдерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін көп пәтерлі тұрғын үйлер салу үшін алу" туралы қаулысы Алматының әділет департаментінде тіркелмегені белгілі болды.

"Біз Иділет министрлігінен жауап алдық. Онда тіркелмеген нормативті актілер заңды күшке ие емес деп жазылған",-деді Н.Титова.

Сонымен қатар, жер телімдері алынатын тұрғындар сәулет және қала құрылысы департаментінен олар тұратын аудандардағы үйлер бұзылмайды деген ақпарат алады. "Алматыжер" көп қабатты үйлер салынатын жобаны ұсынған. Алайда дәл сол ауданда көп қабатты үйлерге мемлекеттік қажеттілік жоқ. Онда аурухана, мектеп, автокөлік жолдары салынбайды, онда құрылысшы -инвесторға қажетті тұрғын үй кешенін салмақшы",-деді Н.Титова.

Үйлері бұзылатын ауданның тұрғындары талаптарының орындалатынан күмәнді. "Алматының Алмалы аудандық сотының шешімі біздің пайдамызға шешілмеді, қалалық сот та әйтеуір бір кілтипан таппай қоймас",-деп пайымдайды жер телімдерінің иелері. Дегенмен тұрғындар өз иеліктері үшін білек сыбана күреспекші, олар "мәселенің ақыры бұзумен аяқтала қоймас" деп үміт білдіріп отыр".

Бұған дейін хабарлағанымыздый, Алматы прокуратурасы қалалық әкімшіліктің тәркіленетін жер телімдері схемасына "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны да жатады деген қаулысына қарсылық білдірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны