13.09.2012, 12:49 3669

Алматыда біруақытта бүйрек пен ұйқы безін трансплантациялау операциясы жүргізілді

Алматыда қалалық N7 клиникалық ауруханада біруақытта бүйрек пен ұйқы безін трансплантациялау жөніндегі операция жүргізілді, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Алматы. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда біруақытта бүйрек пен ұйқы безін трансплантациялау операциясы жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда қалалық N7 клиникалық ауруханада біруақытта бүйрек пен ұйқы безін трансплантациялау жөніндегі операция жүргізілді, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

"2012 жылы 12-қыркүйекте Алматының N7 қалалық клиникалық ауруханасында бір донор-туысқаннан реципиентке біруақытта бүйрек пен ұйқы безін трансплантациялау жөніндегі операция жүргізілді", делінген бейсенбіде баспасөз қызметінен таралған хабарламада.

Онда атап өтілгендей, сол арқылы Қазақстан әлемде сондай операция жасаған төртінші ел болып отыр.

"Операция Кореяның профессоры Квон Те Пакпен бірлесіп жасалған. Операция жасауға тұтас алғанда 10 дәрігер қатысқан. Операциялар екі операциялық бөлмеде біруақытта жасалды", делінген ақпаратта.

Хабарламада атап өтілгендей, органдар қант диабетімен науқас 28-жастағы қыз балаға ауыстырылған, оның 24-жастағы бауыры донор болды.

"Бізде Оңтүстік Кореяда ондай операция әдетте 8 сағат жасалады. Мұнда Қазақстанда операция жылдам, 6 сағаттың ішінде өтті. Өйткені емхана жақсы жарақтандырылған. Қазақстандық әріптестердің дайындығы тамаша", деді Квон Те Пак.

Жылдың соңына дейін N7 ауруханада бауырды трансплантациялау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны