28.10.2018, 13:43 4192

Алматыда "Біз замандастарыӊызбыз!" атты көрме ашылды

Көрмеге 80 астам жұмыстар қойылған.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Орталық Мемлекеттік музейінде ARTSPACEkz көркем өнер галереясыныӊ авторлық стилистикасы жағынан әрқилы екі суретшісі - Зульхайнар Қожамқұлов мен Абдуахат Мұратбаев туындыларыныӊ "Біз замандастарыӊызбыз!" атты көрмесі ашылды.

Кез-келген өнер қоғам мәдениетініӊ көрсеткіші болғандықтан, көркем сурет жұртшылық тарапынан зор қызығушылық тудырып отырады. Өнер адамға игі әсер етіп қоймай, оныӊ тұлға ретінде өсуіне мол мүмкіндіктер береді. ARTSPACEkz көркем өнер галереясыныӊ директоры Эльмира Ахметованыӊ суретшілер шығармашылығы туралы айтуынша, қазіргі заманғы көркем сурет пен мүсін өнерінде бірыӊғай жіктеуге жатпайтын, сан-алуан түрлер мен жанрлардыӊ жиынтығы көрініс табуда. 21-ғасыр өнерінде әртүрлі ағымдар біте қайнасып, олардыӊ жеткізілуі әрқилы және кездейсоқ болып жатады. Көрмеге қойылған шығармалар суретші мен көрерменніӊ диалогына, олардыӊ өзара белсенді іс-әрекетіне есептелген. Болашаққа жарқын сеніммен қарайтын Мұратбаев шығармаларыныӊ қарама-қайшылығы мен философиялық ой тұнған Қожамқұловтыӊ жұмыстары Қазақстанныӊ қазіргі заманғы өнерініӊ көпқырлылығын мейлінше ашып, көрермен қызығушылығын арттыра түседі.

Көрменіӊ ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі директорыныӊ орынбасары Бейбітқали Смағұлұлы Қақабаев, Алматы қалалық әкімдігініӊ өкілі Оӊдасынова Мөлдір Убайдуллақызы, актёр, театр және кино режиссері, сценарист, педагог, Қазақстанныӊ Еӊбек Ері Асанәлі Ишімұлы Ишімов, Дінмұхаммед Ахмедұлы Қонаевтыӊ жиен қарындасы Серікбаева Жаннет Даулетқызы, Гузель Төлегенова - ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері, техника ғылымдарыныӊ докторы, кеӊес және қазақ опера әншісі, КСРО халық әртісі, Социалистік Еӊбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенованыӊ қызы, қоғам қайраткері Амантай қажы, өнертанушы, ARTSPACE.kz көркем өнер галереясыныӊ кураторы Камилла Витальевна Ли, ҚР Суретшілер одағыныӊ төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы. Ашылуында Гаухар Айтбетованыӊ басшылығымен "Azia Classic" камералық дуэті өнер көрсетті.

Зульхайнар Қожамқұлов - суретші, мүсінші, педагог, философ, КСРО Суретшілер одағыныӊ мүшесі, NICOR "Илем халықтарыныӊ өнері" Халықаралық Қауымдастығыныӊ еӊбек сіӊірген суретшісі, Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген мәдениет қайраткері - заманауи қазақстандық өнер кеӊістігіндегі белсенді жұмыс істеп жүрген суретшілердіӊ бірі. Оныӊ жұмыстарына тереӊ философиялық мән тән. Суретшіні мәӊгілік махаббат, өз еліне деген сүйіспеншілік тақырыбы толғандырады, ол адамныӊ нәзік психологиялық реӊктерін, рухани өмірініӊ астарын ашуға бағытталған тәсілдерді шебер меӊгерген. Экспозицияда Қазақстанныӊ көрнекті тұлғаларыныӊ - Дімұхаммед Қонаевтыӊ, Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ, Бауыржан Момышұлыныӊ, Олжас Сүлейменовтыӊ, сондай-ақ қазақ эстрадасы мен киносыныӊ жұлдыздары Шәкен Аймановтыӊ, Шәмші Қалдаяқовтыӊ, Бибігүл Төлегенованыӊ, Роза Рымбаеваныӊ, Батырхан Шүкеновтыӊ және басқа да көптеген тұлғалардыӊ портреттері қойылған. Суретші өз кейіпкерлерін айқын сызықтармен, жарқын қарама-қарсы түстермен бейнелеген.

"Бұл біздіӊ ХХ ғасырдыӊ - өзіміз өсіп-жетілген ғасырдыӊ қаhармандары. Ирине, олар әлдеқайда көп - бәрін сала алмайсыӊ. Мен өзім жақсы білетіндерді ғана таӊдап алдым. Жекелей таныстығым болмаса да, олар мен үшін аса қымбат", - деп түсіндіреді суретші Зульхайнар Қожамқұлов.

Абдуахат Мұратбаев - суретші, график, ҚР Суретшілер одағыныӊ мүшесі, ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері, республикалық, шетелдік және облыстық көрмелердіӊ қатысушысы. Ол 1981 ж. Шымкент көркемөнер училищесін және 2004 ж. Бішкек қ. Қырғыз педагогикалық университетін бітірген. Экспозицияға автордыӊ жарқын кескіндеме жұмыстары қойылған. Оныӊ шығармаларында қазақтыӊ ұлттық образдары модернизм ағымымен үйлесім тапқан. Суреттіӊ әр бөлшегі маӊызды және өз мәні бар. Абдуахаттыӊ пікірінше, "нағыз құндылықтар дегеніміз бізді қоршап тұр және біз бір-бірімізге, табиғатқа қамқорлықпен қарайтын болсақ, ол да бізге сүйіспеншілікпен жауап қайтарады..."

Композициялық көрме екі бөліктен тұрады: кескіндемелік жұмыстар мен мүсіндік арт-объектілер. Исіресе, Зульхайнар Қожамқұловтыӊ музейдіӊ кіреберісінде орналасқан, металдан жасалған "Бұқа" және Абдуахат Мұратбаевтыӊ "Қуаныш", "Адам мен Ева" сәндік композициялары назар аудартады. Шығармалар айрықша көркем айқындылығымен ерекшеленеді, көркемдік пішіні жағынан қазіргі заман үшін көкейтесті болып табылады. Мұндай арт-объектілер түрлі ұлт пен дінге жататын, түрлі жастағы қала тұрғындары, қатары жыл санап көбейіп келе жатқан Қазақстан қонақтары мен саяхатшылар үшін тартымды жерге айналуы мүмкін. Олар әрдайым келушілердіӊ қызығушылығын тудырып, авторлық ұжымныӊ дарынын ғана емес, көкейтесті эстетикалық талаптарға сай келетін қазақстандық өнердіӊ деӊгейін де паш етеді.

Көрмеге 80 астам жұмыстар қойылған.

Көрме 2018 ж. 31 қазанға дейін өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны