10.07.2018, 17:59 4782

Алматыда бизнес құрылымдары басшылары АИТВ жұқпасыныӊ алдын алу бойынша оқытылмақшы

Жыл басынан бері, АӨА қатысты кемсітушілікке жол бермеу мақсатында АИТВ жұқпасыныӊ алдын алу бойынша 860 бизнес-құрылымдарына дербес әӊгімелесулер жүргізіліп, оныӊ ішінде 133 ірі, 214 орта және 513 шағын құрылымдардыӊ басшылары қамтылды.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда бизнес құрылымдары басшылары АИТВ жұқпасыныӊ алдын алу бойынша оқытылмақшы.

Алматы қалалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығыныӊ мамандары СӨС орталығымен бірлесіп бизнес-құрылымдар басшылары үшін АИТВ жұқпасыныӊ профилактикасы мен АИТВ-мен өмір сүретін (АӨА) адамдарға қатысты толерантты қарым-қатынас бойынша оқытатын тренингтер өткізеді.

Кәсіпкерлердіӊ АИТВ жұқпасыныӊ берілу жолдары, одан қорғану шаралары және оныӊ кәсіпке әсерін тигізбейтіндігі секілді мәселелері туралы ақпараттын төмендігі дәрігерлерді алаӊдатады.Кәсіпорындар мен компанияларда жұмыс істейтін АИТВ жұқтырған адамдар жұмыс берушілерге қаржылық шығындарды тудырмайды, себебі, Қазақстанда АИТВ-жұқпасыныӊ диагностикасы және емдеу мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Осы адамдарға қатысты кемсітушілікке жол берілмеуі тиіс, өйткені олардыӊ да барлық қызметкерлер секілді бірдей құқығы бар.

- ЖИТС Орталығыныӊ қызметкерлері, сондай-ақ, шағын, орта және ірі бизнес өкілдеріне мобильді зертханамен барып АИТВ жұқпасына қатысты экспресс-тестілеу және кеӊес берулер жүргізеді.Барлық тілек білдірушілер 15 минут ішінде өзініӊ АИТВ статусын біле алады. Бизнес-басшылардыӊ АИТВ жұқпасыныӊ бизнеске кері әсерініӊ жоқтығын объективті бағалауы бәсекеге қабілеттілік рейтингініӊ және елдіӊ инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады , - деп Алматы қалалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығыныӊ бас дәрігері М.Төкеев айтып өтті.

Жақында "АИТВ жұқпасыныӊ бәсекеге қабілеттіліктіӊ Жаһандық индексініӊ көрсеткіштеріне әсері" мәселесі Алматы қаласы әкімшілігініӊ жанындағы денсаулық қорғау бойынша Үйлестіру кеӊесінде тыӊдалды. Жағдайды жақсарту үшін ЖИТС Орталығыныӊ дәрігерлер Алматы қаласыАймақтық Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп жұмыс істейді.

Жыл басынан бері, АӨА қатысты кемсітушілікке жол бермеу мақсатында АИТВ жұқпасыныӊ алдын алу бойынша 860 бизнес-құрылымдарына дербес әӊгімелесулер жүргізіліп, оныӊ ішінде 133 ірі, 214 орта және 513 шағын құрылымдардыӊ басшылары қамтылды.

Жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) көптеген көрсеткіштер бойынша елдердіӊ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне рейтингтік бағалау жүргізеді, олардыӊ арасында екеуі - АИТВ жұқпасы бойынша.

Бірінші көрсеткіш -15 - 49 жас аралығындағыадамдардыӊ арасында АИТВ жұқпасыныӊ таралуы.Екінші көрсеткіш - АИТВ жұқпасыныӊ бизнеске әсері. Бірінші көрсеткіш бойынша, Қазақстан АИТВ жұқпасы таралу деӊгейі төмен (0,2%) елдер тобына жатады. Бірінші көрсеткіштен есептік және статистикалық деректерге негізделетіндігімен айрықшаланатын, екінші көрсеткіш сауалнама жүргізу болып табылады, сондықтан субъективті сипатта. "АИТВ және ЖИТС-тіӊ бизнеске әсері" көрсеткіші бизнес нысандарыныӊ басшыларыныӊ тәуелсіз сауалнамалары негізінде бағаланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны