04.05.2017, 17:33 3301

Алматыда бизнесмен "Туған жер" бағдарламасы аясында К.Байсейітова атындағы мектепке жаӊа спорт алаӊын сыйлады

Дарынды балалардыӊ Күләш Байсейітова атындағы республикалық орта арнайы музыкалық мектеп- интернатында қайырымдылық аясында спорт кешені салынды

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Дарынды балалардыӊ Күләш Байсейітова атындағы республикалық орта арнайы музыкалық мектеп- интернатында қайырымдылық аясында спорт кешені салынды.

"Тәуелсіздік жылдары қазақстандық бизнес айтарлықтай нығайды, соныӊ арқасында бүгінгі күні нақтылы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыра алады. Президенттіӊ "Туған жер" бағдарламасына қолдау білдіре отырып, біз мектепке жаӊа спорт алаӊын сыйлауды ұйғардық. Өйткені, денсаулығы мықты ұлт жастардан қалыптасады. Оқушылар бұдан былай тек шығармашылық конкурстарда ғана емес, спорттық додаларда да жеӊіске жетсін", - деді кәсіпкер Ерболат Қасымов.

Оқу орныныӊ директоры Оӊдасын Абдуллаев өзініӊ сөзінде күніне 5 сағат бойы дайындалатын балаларға денешынықтырумен айналысудыӊ өте маӊызды әрі спорттыӊ берер пайдасы мол екенін айтты.

Жаӊа спорт кешені европалық стандарт бойынша салынған, мұнда футбол және баскетбол алаӊдары бар. Австриядан әкелінген арнайы төсеніш. озық дренажды жүйе, жарық көздері кез- келген уақытта және түрлі ауа райына қармастан спортпен айналысуға кеӊ мүмкіндік береді. Жобаныӊ құны 29 млн. теӊгені құрайды.

Дарынды балалардыӊ Күләш Байсейітова атындағы республикалық орта арнайы музыкалық мектеп- интернаты 1948 жылы ашылған болатын. Мектептіӊ оқу корпусы 480 оқушыға арналған, мектеп жанындағы интернатта 110 оқушы тұрады, балаларға 187 педагог дәріс беруде.

Қазіргі таӊда Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты - әлемдік стандарттыӊ барлық талаптарына сәйкес келетін жаӊа үлгідегі оқу орны. Отандық білім беру мен жастарды тәрбиелеудіӊ дүниежүзінде мойындалған озық дәстүрлері мұнда әлемдік білім беру үдерісініӊ қазіргі заманауи жетістіктерімен кіріккен.

Мектепте 480 оқушы оқиды. Заманауи материалдық-техникалық база әлемдік білім беру кеӊістігініӊ талаптарына сәйкес келеді. Озық компьютерлік техникамен, оныӊ ішінде интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттері бар, олар Қазақстан мен басқа да әлем елдерініӊ оқу орындарымен шығармашылық байланыс орната отырып сабақты интерактивтік режимде өткізуге мүмкіндік береді. Үш кабинет сабақты музыкалық-теориялық және музыкалық -тарихи пәндер бойынша сабақ өткізуге арналған. Қазақстанда бірінші болып инновациялық компьютерлік технологиялар үйлесімділік, яғни, гармония, сольфеджио, музыкалық әдебитет пәндерін зерттеуде пайдаланылады.

Дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатыөздерініӊ кәсіптік білімін одан әрі дүниежүзініӊ таӊдаулы оқу орындарында жалғастыра алатын музыкалық дарынды балаларға жан-жақты білім мен тәрбие алуға қажетті барлық жағдайды жасай отырып, Қазақстанныӊ барлық облыстары мен аудандарындағы дарынды балаларға назар аударуға ұмтылады. Осы мақсатта мектепте басқа қалалардан келген 110 баланы қабылдай алатын интернат жұмыс істейді. Тұру мен сабақтарға арналған бөлмелер еӊ замануи талаптар мен санитарлық нормаларға сай келетін жоғарғы эстетикалық деӊгейде әрлендірілген. Тамаша тұрмыстық жағдайлар, арнаулы және жалпы білім беретін пәндер бойынша сабаққа өз бетімен әзірленуге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, интерната толыққанды тамақтануға, демалуға және тәрбиеленушілерге медициналық қызметтер көрсетуге арналған қажетті жабдықтардыӊ бәрі бар.

Мектеп оқушыларыныӊ оқуы мен кәсіптік машықтарын жетілдіруіне, орындаушылық және сахналық шеберліктерін шыӊдауы үшін симфониялық, камералық, халықтық, үрмелі аспаптар, эстрадалық-симфониялық оркестрлер, оқушылар хоры, скрипкашылар, виолончелшілер, қобызшылар, қыл-қобызшылар мен домбырашылар ансамбльдері секілді шығармашылық ұжымдар құрылған. Осынау бірегей музыкалық шығармашылық ұжымдарда дарынды балалар қаршадайынан бастап-ақ кәсіби оркестранттар немесе музыканттар ретінде өз қабілеттерін паш ете алады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында "Туған жер" атты жаӊа бағдарлама жасауды ұсынды.

Н. Назарбаев: "бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті де?гейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Патриотизмні? е? жақсы үлгісі орта мектепте туған жерді? тарихын оқудан көрініс тапса игі",- деді.

"Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек",- деді мемлекет басшысы.

"Үшінші, жергілікті билік "Туған жер" бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеуді? түрлі жолдарын табу керек.Бұл жерде де көп жұмыс бар",- деді ол.

Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады,- делінген мақалада.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, Алматыда "Туған жер" бағдарламасы аясында болашақта мектептерде "Туған өлке тарихы" сабақтарын өткізу, ескерткіштерді өӊдеу, қала инфрақұрылымын жақсарту жөнінде әлеуметтік жобалар тізімін жасау, әлеуметтік нысандарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, жекелеген адамдарға материалдық көмек көрсету, "Таза көше" және "Таза аудан" акцияларын өткізу, туристік карта жасау, жас тарихшылар слетін, жас өлкетанушылар форумын өткізу және басқа да өрелі істерді жүзеге асыру жоспарланған. Бұлардан өзге, осы іске қызығушылық танытқандардыӊ жеке ұсыныс -пікірлерін білдірулері үшін краудсорсингті онлайн-платформа ұйымдастырылады, сонымен қатар қалалық телеарнада мәдени - ағартушылық, тарихи "Туған жер" реалити- шоуы жасалады.

Кәсіпкерлер әлеуметтік нысандарды салуға, маӊызды әлеуметтік шараларды өткізуге белсенді түрде араласып, қайырымдылық көмектерді де жиі көрсетуде. Бүгінгі күні бизнес арқылы жалпы құны 12 млрд. теӊгеден асатын 20 -дан астам ірі әлеуметтік маӊызы бар жобалар жүзеге асуда. Мысалы, Наурызбай ауданында құны 1,8 млрд. теӊге болатын 1200 орынды мектеп, Алатау ауданында құны 320 млн. теӊге болатын 120 орынды бала бақша салынуда. Осы ауданда жыл аяғына дейін 400 млн. теӊгеніӊ жеӊілатлетикалық стадионы пайдалануға беріледі. Жалпы, спорт саласына бюджеттен тыс 8 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі кезде Қарғалы өзенініӊ айналасында жалпы құны 110 млн. теӊге болатын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.Тек соӊғы екі жыл ішінде ғана демеушілік қаржыға 100-ден астам балалардыӊ спорт алаӊдары мен 10 бала бақша салынды,- деп хабарлайды әкімдік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны