14.10.2015, 18:00 3702

Алматыда болған трамвай апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда кеше кешке трамвайдыӊ қатысуымен болған ірі жол-көлік апатында зардап шеккен бес адамныӊ біреуі қалалық №7 аурухананыӊ жансақтау бөлімінде жатыр

Астана. 14 Қазан. Kazakhstan Today - Алматыда кеше кешке трамвайдыӊ қатысуымен болған ірі жол-көлік апатында зардап шеккен бес адамныӊ біреуі қалалық №7 аурухананыӊ жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасыныӊ өкілдері хабарлады. Апат салдарынан жалпы саны 14 автокөлік зардап шеккен. Алматы қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметініӊ жетекшісі Салтанат Изірбектіӊ айтуынша, 6-бағыттағы трамвай Мақатаев көшесімен батысқа қарай келе жатып, Сейфуллин даӊғылында 11 көлікті қағып өтеді. Одан ары қарай жүйткіген қоғамдық көлік Байтұрсынұлы көшесімен солға бұрылуы тиіс болатын. Алайда бұрылысқа сыймаған трамвай рельстен шығып кетіп, тағы 3 көлікті соққан. Жол апатыныӊ салдарынан қозғалыс қиындап, көлік кептелісі қалыптасты. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Айта кетейік, 21 қырқүйек күні де дәл осындай трамвайдыӊ қатысуымен ірі жол-көлік апаты болған еді. Ол кезде 5 адам зардап шегіп, 17 көлік бүлінген. Сол жолы жарақаттанған бір азамат әлі күнге дейін ауруханада жатыр.

Салтанат Изірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі:

- Алдын ала болжам бойынша осындай жол апаты кезінде трамвайдыӊ ішінде жүргізушісі болмаған. Оныӊ нақты себеп-салдары және болған мән-жайы анықталатын болады. Неше жолаушы болғаны маған бейхабар. Бірақ жолаушылардыӊ бар болғаны анықталды.

Нұржан Исабеков, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасыныӊ Бас хирургі:

- Бір науқас бас миыныӊ ауыр жарақатыныӊ диагнозымен жатқызылып, қазіргі таӊда жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастыӊ жағдайы ауыр. Бірақ өз есінде. Арнаулы тағайындаулар мен зерттеу жасалып ем алып жатыр. Консервативті. Операция жасалынған жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны