13.01.2016, 08:53 4070

Алматыда борышкерлер банк атауын табытқа салып "жоқтау" айтты

Жыры бітпеген борышкерлердіӊ кезекті наразылығы! Бүгін олар Алматыда тағы да бас көтеріп, қайта қаржыландыру бағдарламасына қарсы шықты. Борышкерлер банк алдына жиналып, қаржы ұйымыныӊ талаптары жазылған қағаздарды табытқа салып, "жоқтау айтты". Наразы топтыӊ талабы сол бұрыӊғы - үстеме пайыздыӊ төмендетіліп қана қойғанымен келіспей, қарызды толық кешіруді сұрайды

Алматы. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жыры бітпеген борышкерлердіӊ кезекті наразылығы! Бүгін олар Алматыда тағы да бас көтеріп, қайта қаржыландыру бағдарламасына қарсы шықты. Борышкерлер банк алдына жиналып, қаржы ұйымыныӊ талаптары жазылған қағаздарды табытқа салып, "жоқтау айтты". Наразы топтыӊ талабы сол бұрыӊғы - үстеме пайыздыӊ төмендетіліп қана қойғанымен келіспей, қарызды толық кешіруді сұрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кезінде несиеге қымбат пәтер алып, уақытында төлей алмағандар өзгелердіӊ назарын өзіне аудару үшін бүгін өзгеше әдіс тауыпты. Белшеден қарыз борышкерлер қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша азайтылған пайыздарына разы емес. Сол қарсылықтары жазылған қағаздарды бүгін олар табытқа салып, банк алдында "жоқтау айтты", деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

- АТФ қош бол. Өспеӊдер өнбеӊдер. Бізден тартып алған пәтерлерге қақалып өліӊдер.

Банк атауы ілінген қара шарларды көкке жіберген борышкерлер ашулы. Олар қайта қаржыландырудан соӊ айлық төлем адамныӊ қалтасын қақпайтын мөлшерден аспасын дейді.

Сұлубике Жақсылықова, "Халықты баспанамен қамтыӊыздар" қоғамдық бірлестігініӊ төрайымы:

-Ешкімге артық жеӊілдік жасалмайды деп кесіп айтты. Біз мүгедектерге алаӊдаймыз. Бірақ банк қызметкері бұл тек бірінші топтағыларға қатысты екенін алға тартуда. Мүгедектердіӊ жәрдемақысы 26 мыӊнан аспайды, ендеше неге талап әртүрлі болады?

Бір қызығы шу көтерген 50-ден аса адамныӊ ішінде тек бірнешеуініӊ ғана "АТФ банк" алдында қарызы бар екен. Менеджерлер олардыӊ өтінішін қабылдап, заӊмен белгіленген уақытта ресми жауап беруге уәде етті.

Елдос Жұмабаев, "АТФ банк" АҚ басқарма директоры:

-Бағдарлама аясында жұмыс істейміз. Жауапкершіліктен қашпаймыз. Ұлттық банктіӊ нұсқауы міндетті түрде орындалады.

Қазіргі таӊда ел бойынша осындай борышкерлер саны 20 мыӊнан асады. Қарызды қайтару мерзімін 20 жылға ұзарту, жылдық үстемені 3 пайызға дейін төмендету сияқты мемлекет тарапынан жеӊілдіктер жасалса да, борышкерлердіӊ жыры әлі бітер емес.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны