16.09.2018, 01:01 8137

Алматыда BRT желісі бойынша 18 метрлік автобустар жүретін жаӊа бағыт ашылады

Қазіргі кезде BRT желісі бойынша 28 тұғырнамада 68 бекетті павильондар жасақталуда, тротуарлар мен веложолдар абаттандырылуда, жасыл желек отырғызылуда.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланыӊ көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын тексерді және жеке автопарк алған №128 бағыт бойынша қызмет көрсететін жаӊа автобустарды көрді.

Қазіргі кезде BRT желісі бойынша 28 тұғырнамада 68 бекетті павильондар жасақталуда, тротуарлар мен веложолдар абаттандырылуда, жасыл желек отырғызылуда. Айдыӊ соӊына дейін Мұстафин және Сүлейменов көшелеріне жарық беретін 115 торшерді монтаждау аяқталады.

BRT автобус желісінде 17 бағыт бойынша 300-ден астам көлік бірлігі жүретін болады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ ақпараты бойынша жыл аяғына дейін 18 метрлі автобустар жүретін қосымша бағыт ашу жоспарланған.

"Жүргізілген сараптама 12 қыркүйекте BRT желісін іске қосу арқасында жолаушылар ағыны бір күнде 100 ден 142 мыӊ адамға, яғни өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 40 пайызға артатынын көрсетті. "Атакенттен" Қазақ Ұлттық Университетіне автобус 2,5 минутта жетеді екен, ал бұрын 10 минутқа созылатын", - деді басқармадағылар.

Тимирязев көшесініӊ кейбір қиылыстарындағы бағдаршамдар объектілерінде жаяу жүргіншілер үшін жеке фазалар қарастырылады.ЖКА алдын алу үшін ІІД бірге видеофиксацияныӊ автоматты желісі орнатылатын 10 тораптық нүкте белгіленді.

Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысы жеке автопарк алған Yutong маркалы жаӊа автобустарды көрді.

Ескі жылжымалы составқа тұрғындар тарапынан көп шағым түсетін, оны ретке келтіру үшін №128 бағыт бойынша енді төмен еденді 12 метрлі 17 көлік бірлігі жолаушыларды тасымалдайды. Бұлардан өзге, қарашада тасымалдаушы №72 бағыттағы жылжымалы составты толық жаӊартады.

Жалпы, жыл аяғына дейін жаӊа қоғамдық көліктіӊ үлесін 80%-ке дейін жеткізу жоспарланған.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаӊарды. 300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

Қаланыӊ барлық жер асты өтпелі жолдары жаӊарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарыныӊ үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны