28.10.2016, 14:07 3903

Алматыда бүгін "Абай көшесініӊ күні" мейрамы өтеді

Айта кететін жайт, жыл соӊына дейін Медеу ауданында "Достық", "Төле би", "Ийтеке би", "Қазыбек би", "Қабанбай батыр" көшелерініӊ мейрамын өткізу жоспарлануда.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеудіӊ аясында Республика Сарайыныӊ алдындағы "Абай" алаӊында қала көлемінде тұӊғыш рет "Абай көшесініӊ күні" мейрамын өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Көше күнін өткізудегі негізгі мақсат - жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық бағытта тәрбиелеу, ауданныӊ әрбір тұрғынына мерекелік көтеріӊкі көӊіл-күй сыйлау, көше тұрғындары арасындағы бірлікті нығайту және Абай шығармашылығын кеӊінен насихаттау болып табылады.

Іс-шара аясында қолөнер шеберлерініӊ жәрмеӊкесі, аудандық шығармашылық ұжымдардыӊ қатысуымен мерекелік концерт, "Абай" оқулары, ұлттық спорт түрлерінен спорттық ойындар мен мерекелік сауда ұйымдастырылады.

Айта кететін жайт, жыл соӊына дейін Медеу ауданында "Достық", "Төле би", "Ийтеке би", "Қазыбек би", "Қабанбай батыр" көшелерініӊ мейрамын өткізу жоспарлануда.

Шараны ұйымдастырушысы - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімініӊ аппараты.

"Абай көшесініӊ күні" мейрамы, бүгін, яғни, 2016 жылдыӊ 28 қазаны күні сағат 15.00 - де өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны