15.05.2018, 12:16 6573

Алматыда бүгіннен бастап балабақшаларды іріктеп сайлау жұмыстары басталады

Алматыда 2018 жылдыӊ 15 мамырынан бастап балабақшаларды (мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс алған жеке меншік) 2018/2019 оқу жылына арнап іріктеп сайлау (комплектование) жұмыстары басталады

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда 2018 жылдыӊ 15 мамырынан бастап балабақшаларды (мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс алған жеке меншік) 2018/2019 оқу жылына арнап іріктеп сайлау (комплектование) жұмыстары басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өтініш иелеріне (заӊды өкілдерге) балабақшаларға (мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс алған жеке меншік) кезекке тұруға және жолдама алуға бағытталған кезекті басқарудыӊ жаӊа автоматтандырылған жүйесіне көшуге байланысты іріктеп сайлау жұмыстары balabaqsha.open-almaty.kz сайтыныӊ көмегімен жүзеге асырылады", - деп хабарлайды Алматы қалалық білім басқармасы.

Мекемедегілердіӊ хабарлауынша, мұндай қызмет көрсетілуі үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық-сандық қолтаӊбасын алу керек. Бұдан кейін жоғарыда атап көрсетілген сайтқа кіріп, өтініш берушініӊ (баланы кезекке қойған адамныӊ) электрондық-сандық қолтаӊбасыныӊ көмегімен жеке кабинетке кіру қажет. Сосын өтініш иесініӊ жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін (электрондық пошта, мобильдік телефон нөмірін) көрсету немесе түзетіп көрсеткен жөн. Байланыс мәліметтері сіздіӊ кезегіӊіздіӊ келгені туралы хабарландыру үшін (хабарлама, құлақтандыру) қажет.

Туған күндері қараша және желтоқсан айларына дөп келетін балаларды кезекті басқару жүйесі автоматты түрде келесі жылға жылжытады.

Жүйеде тек бос орындары бар мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар ғана көрсетіледі.

Жолдаманы алу мерзімі үш жұмыс күніне теӊ. Егер басымдықпен қол жеткізуге берілген мерзім өткеннен кейін бос орындар болып жатса, онда кезекті басқару жүйесі тиісті кезектердегі өтініш берушілердіӊ барлығына қолжетімділікті (кезегіне қарамастан барлығына біруақытта) ашады.

Жолдаманы алғаннан кейін ата-ана таӊдап алынған балабақшаға тікелей 5 жұмыс күні ішінде жүгінуі қажет.

"Сұрақ туындаған жағдайда Қолдау қызметіне мына телефондар немесе электронды мекенжай бойынша: 1308, 338-33-88; 262 21 15, [email protected], немесе Алматы қаласыныӊ кез-келген мемлекеттік балабақшасына хабарласу керек", - деп хабарлайды білім басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны