17.01.2007, 16:45 3068

Алматыда бұрынғы қарағандылық депутат Усатовтың ұлы ұсталды

АЛМАТЫ. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыда Қарағанды облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты, адам өліміне қатысы бар деген күдікпен іздеу жарияланған кәсіпкер Николай Усатовтың ұлы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Игорь Усатов кеше "Алматы" қонақ үйінен шығып келе жатқан жерінен құрықталды. Президенті Н.Усатов болып табылатын "Қарағанды-нан" АҚ-дағы ахуал жөніндегі баспасөз мәслихатына шақырылған журналистер ұстау шарасының куәгері болды.

Баспасөз мәслихатында сөз сөйлегендер журналистерге И. Усатовтың іс-шараға келіп, оның отбасының мүшелеріне қатысты жасалған боспалаушылық дерегі туралы айтпақ болғандығын хабарлады. Бірақ, баспасөз мәслихатына қатысты шақыруда көрсетілген спикерлер тізімінде И.Усатовтың аты жоқ.

"Қарағанды-нан" АҚ-ның өкілі Александр Перегрин журналистерге ҰҚК қызметкерлері 24-желтоқсан күні Астана қаласында "Николай Усатовтың туған-туыстарынан қылмыстық істі тоқтатуға уәде беріп, 300 мың АҚШ долларын талап еткен боспалаушылар тобын" құрықтағандығын хабарлады. Изірге аталмыш деректі растауға немесе жоққа шығаруға агенттіктің мүмкіндігі болмай отыр.

Сонымен қатар, А. Перегрин "Қарағанды-нан" АҚ-на қатысты "рейдерлік әрекеттің іске асып жатқанын" мәлім етті. Оның сөзіне сүйенсек, бизнесті тартып алуға құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар қызметкерлері тартылған.

"Қарағанды-нан" өкілінің айтуынша, компания басшысына, оның отбасы мүшелеріне және бірқатар қызметкерлеріне қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалған. А. Перегрин істің қолдан жасалғандығын растайтын "көптеген дәлелдер" бар екендігін мәлім етті. Дегенмен ол ол осындай құжаттарды ала келмегенін сылтауратып, журналистерге көрсете алмады.

"Қарағанды-нан" АҚ-на "рейдерлік шабуыл жасауға" тапсырыс беріп отырған ресейлік бизнесмен Борис Шафрай деп санайды кәсіпорын жұмысшылары.

Н.Усатовтың екінші ұлы Дмитрийдің сөзіне сүйенсек, Б.Шафрай Қазақстанның кейбір күш құрылымдарының өкілдерімен "тығыз қатынаста". Сонымен қатар, ол Ресейдің бас прокуратурасы жуырда жаңа жыл қарсаңында Шафрайды "Ресейдің Орталық банкі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Козловты өлтіруді ұйымдастыруға қатысқаны үшін" құрықтағанын еске сала кетті.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының ІІМ тергеу комитеті Қарағандыда туып-өскен Н.Усатовқа 2006 жылдың 7-қазанында "Қабыкеновтың ісі бойынша қайта ашылған жағдайларға байланысты" іздеу жариялаған болатын. "Нива" ЖШС құрылтайшыларының бірі Қабыкенов 1997 жылы өлтірілген. Тергеу болжамы бойынша, Н. Усатов осы қылмысты ұйымдастырушы болып табылады.

Н. Усатов құқық қорғау органдарының назарына баяғыдан бері іліккен. Атап айтсақ, 1996 жылы ресейлік компания оның үстінен шағым беріп, сот процессінде жеңіліс тапқан. 2002 жылы қаржы полициясы аталмыш іске қатысты тергеу жұмыстарын қайта жүргізіп, Н. Усатовты тіпті ұстады да. Бірақ, қолданылған кідірту шарасы қайта өзгертіліп, іс біраз шу тудырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны