19.03.2007, 16:08 2971

Алматыда бұзылатын үйлердің тұрғындары аштықты одан әрі жалғастыруда, "Алматыжер" мен құрылыс салушы компания келіссөздерге бармай отыр

АЛМАТЫ. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда бұзылатын үйлердің тұрғындары аштықты одан әрі жалғастыруда, "Алматыжер" мен құрылыс салушы компания келіссөздерге бармай отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бостандық ауданында, Гагарин және Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан үйлердің тұрғындары осымен үшінші тәулік аштық жариялауда. "Кеше бізге бір қыз келіп, өзін "Алматыжер" мекемесінің жер телімдерін тәркілеп алу жөніндегі бөлімінің бастығымын деп таныстырды. Ол ертең бізге құрылыс салушы компанияның өкілі келеді деген",- дейді шараға қатысушы Гүлжан Нұрманбетова. Аштық жариялаушылардың айтуынша, келіссөздер бүгін сағат 11-де басталуға тиіс болған. Алайда, "Алматыжер" мен құрылыс салушы "Мега-инвест" ЖШС-нің өкілдері уағдалы мерзімде келген жоқ.

Аштық жариялаушылардың талабы бұрынғыдай - бұзылатын үйлер үшін төленетін өтемақыны арттыру. "Дәл қазір нақты бір бағаны атап айту қиын. Баға күн санап өсуде. Сол себепті біз наразы жақтарға қалағанынша қаржы беруді талап етеміз",- деді Г.Нұрманбетова. Оның айтуынша, шараға қатысушылардың бәрінің бірдей талабы орандалмайынша, аштық жариялау акциясы тыйылмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны