13.07.2009, 18:27 2822

Алматыда дағдарыс кезінде жұмысқа қамтылған халықтың 20%-ы жұмыссыз қалды, бірінші кезекте қысқартуға әйелдер ілігуде - Анкор

Алматыда дағдарыс кезінде жұмысқа қамтылған халықтың 20%-ы жұмыссыз қалды, бірінші кезекте қысқартуға әйелдер ілігуде - Анкор

Алматы. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда дағдарыс кезінде жұмысқа қамтылған халықтың 20%-ы жұмыссыз қалды, бірінші кезекте қысқартуға әйелдер ілігуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Анкор" мамандарды іріктеу холдингінің бас директоры Людмила Белова хабарлады.

Оның айтуынша, қысқартуға әсіресе әйелдер жиі ұшырайды, ал олар үшін жұмыс табу тіптен қиын. "Біз "жол картасы" туралы, үкіметтің мамандарды қайта оқытуға ауқымды қаржы бөліп жатқаны туралы естіп жатырмыз. Дегенмен, мәселен, 56 жасында жұмыссыз қалған әйел не істеуі керек? Ондай адам денсаулығына байланысты көптеген жұмыстарды атқара алмайтыны рас. Бағдарлама бойынша айрықша кәсіби біліктілікті талап ететін мамандықтар бар, бірақ олардың басым бөлігі ерлерге тиесілі мамандықтар",- деді Л.Белова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны