18.04.2016, 15:13 3520

Алматыда дәрі бағасын ұстап тұру бойынша меморандумға қол қойылды

Алматы қаласы бойынша медицналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитет департаменті, қала әкімі және Қазақстан фармацевтикалық ассоциациясы дәрілік заттардыӊ және медицанаға арналған бұйымдардыӊ бағаларын ұстап тұру жөнінде меморандумға қол қойды. Икімдіктіӊ хабарлауынша, құжатқа 105 түрлі препараттар бойынша қол қойылған

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласы бойынша медицналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитет департаменті, қала әкімі және Қазақстан фармацевтикалық ассоциациясы дәрілік заттардыӊ және медицанаға арналған бұйымдардыӊ бағаларын ұстап тұру жөнінде меморандумға қол қойды. Икімдіктіӊ хабарлауынша, құжатқа 105 түрлі препараттар бойынша қол қойылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келісімге Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту Ассоциациясыныӊ президенті Марина Дурманова, "Қазақстанныӊ ФармМедИндустриясы" Ассоциациясыныӊ президенті Серік Сұлтанов, Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнім өндірушілердіӊ халықаралық Ассоциациясыныӊ президенті Вячеслав Локшин, Қазақстан Республикасыныӊ фармацевтикалық өнісмдер дистрюбитерлер Ассоциациясыныӊ директорыНаталья Гунько және үнділік "ИНЧАМ ФАРМА" фармацевтика өндірушілер Ассоциациясыныӊ төрағасы Сом Партхо Сартхи қол қойды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Қол қойылған меморандумныӊ мақсаты халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған. Отандық және халықаралық дәрілік заттар мен медицинаға арналған бұйымдарды өндірушілер, дистрибьютерлер мен дәрілік заттардыӊ бөлшек саудасымен айналысатын өкілдер 2016-шы жылдыӊ 1-ші сәуіріндегі деӊгейде 105 затқа бағаны ұстап тұру туралы өздеріне әлеуметтік жауапкершілікті алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны