11.02.2015, 14:09 4250

Алматыда ДДҰ медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Кеӊсесі ашылды

Бүгін Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) алғашқы медициналық санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі әлемдегі тұӊғыш кеӊсесініӊ ашылу салтанаты болды

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) алғашқы медициналық санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі әлемдегі тұӊғыш кеӊсесініӊ ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараға ДДҰ Еуропалық бюросыныӊ директоры Жужанна Жакаб, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова, ДДҰ Қазақстандағы тұрақты өкілі Мелита Вуйнович және т.б. қатысты.

Медициналық санитариялық алғашқы көмек (МСАК) бойынша алғашқы кеӊсе ДДҰ атқарушы директорыныӊ шешімімен және Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қолдауымен елімізде ашылды. Осылайша, Алматы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ Еуропалық өӊіріндегі МСАК жөніндегі орталығына айналады.

Алматығы Кеӊсе ғаламдық деӊгейде де, әлемніӊ 54 елі кіретін ДДҰ Еуропа аймағы үшін де денсаулық сақтаудыӊ бастапқы буынын дамыту саласында жетекші рөл атқаратын болады.

Мұндай кеӊсеніӊ ашылуы Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меӊгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудыӊ зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді Қазақстанда дағдыландыруға мүмкіндік береді. Бірлесе атқарып отырған жұмыс нәтижесінде: денсаулық сақтаудыӊ бастапқы буыныныӊ қолжетімділігі мен сапасы, әсіресе ауылдық жерлердіӊ тұрғындары үшін, алдын алу бағдарламаларыныӊ тиімділігін арттыру, жұқпалы емес аурулардыӊ туындау қаупініӊ белгілі факторларымен күресті күшейтуге қол жеткізілуі тиіс.

Жаӊа құрылым медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі ұсыныстарды тек Қазақстанда емес, ДДҰ бүкіл Еуропа аймағы үшін әзірлеумен, зерттеумен, өӊдеумен айналысатын болады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны