09.10.2018, 14:27 7280

Алматыда ДДҰ-ныӊ "Салауатты қалалар" желісіне қатысушы мэрлердіӊ саммиті өтеді

Қалалар әкімшіліктерініӊ 100-ден астам өкілдері қатысатын форум Алматыда биылғы жылдыӊ 23-24 қазан аралығында өтеді әрі Астанада болатын алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі Жаһандық конференцияныӊ бастауына айналады.

Алматы. 9 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда мэрлер мен саяси көшбасшылардыӊ қатысуымен алқалы жиын өтеді, онда қалалардыӊ алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсетудегі рөлі және денсаулық сақтау шарасына көпшілікті кеӊінен тарту жөніндегі мәселелер талқыланады.

Аталған шара Алматыда қол қойылған алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық декларацияныӊ 40 жылдығына орайластырылған әрі бұл құжат көпшіліктіӊ денсаулығын қамтамасыз етудіӊ стратегиялық негізіне айналған.

Айта кетерлігі, бұл декларация Дүниежүзілік Денсаулықсақтау Ұйымыныӊ "Салауатты қалалар" атты Еуропалық желісін құруда маӊызды рөл атқарды.

Сол кезден бастап жергілікті қоғамдастықтар базасы негізінде жұмыс істейтін алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жүйесі көпшіліктіӊ денсаулығын жақсартудыӊ құрамдас бөлігіне айналды.

Алматы декларациясыныӊ мұрасын одан әрі кеӊейте түсетін саммит қалалар мен өӊірлердіӊ алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсетудегі рөлі,сау қалалардыӊ қоғамдағы денсуалық сақтау ісіне тигізетін оӊ ықпалы, көші-қон ісіне қатысты әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру және тұрлі проблемаларды шешу сияқты маӊызды мәселелерді талқылайды. Саммиттіӊ қорытындысы бойынша мэрлердіӊ Алматы үндеуі қабылданады.

Қалалар әкімшіліктерініӊ 100-ден астам өкілдері қатысатын форум Алматыда биылғы жылдыӊ 23-24 қазан аралығында өтеді әрі Астанада болатын алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі Жаһандық конференцияныӊ бастауына айналады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны