08.11.2018, 15:00 6996

Алматыда Денис Тенніӊ мемориалдық тақтасыныӊ ашылу салтанаты мен қордыӊ ресми тұсаукесері өтті

Көз жасына ерік берген Татьяна Тарасова жас спортшыны есіне алып, оныӊ талантына тәнті болғанын жеткізді.

Алматы. 8 қараша. Kazakhstan Today - Алматыда атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенніӊ мемориалдық тақтасыныӊ ашылу салтанаты мен Halyk Arena көпфункционалды кешенінде "Денис Тен қоры" кеӊсесініӊ ресми тұсаукесері өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Мемориалдық тақта Денистіӊ туып-өскен үйінде Назарбаев көшесі 48 мекен-жайы бойынша орнатылды. Оныӊ ашылу салтанатында қала әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев, мәнерлеп сырғанаудан кеӊестік және ресейлік атақты бапкер, КСРО-ныӊ еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова, Ресей Федерациясыныӊ Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров, еліміздіӊ халық әртісі Роза Рымбаева және өзгеде қонақтар келіп қатысты. Көз жасына ерік берген Татьяна Тарасова жас спортшыны есіне алып, оныӊ талантына тәнті болғанын жеткізді.

"Ол өз елін әлемге танытты. Оныӊ өнерін тамашалаған миллиондаған адам Қазақстанды әлемдік картадан іздеп, ол елдіӊ қай жерде орналасқанын білді. Ол өз елініӊ батыры", - деді Тарасова мемориалдық тақтаныӊ ашылуында.

Өз сөзінде атақты бапкер барлық спортшылар Денис Тенніӊ алдағы жобаларын қолдауға дайын екендігін жеткізіп, анасына көмектесетіндігін айтып өтті.


"Біз әйгілі чемпионамызды ұмытпас үшін түрлі іс-шаралар өткізетін боламыз. Оныӊ отбасымен бірге батырымыздыӊ болашақ ескерткішініӊ кескінін жасап жатырмыз. Барлық дайындық жұмыстарынан кейін ескерткіш көктемде орнатылады деп үміттенеміз. Икімдік Денис Тенніӊ құрметіне дәстүрлі халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр. Оныӊ нақты күнін спорт қоғамдастығымен және Денистік анасымен келісеміз", - деді Алматы әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев.

ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева атап өткендей, Денис - тазалықтыӊ, патриоттыӊ символы, нағыз батыр, қатарластарына үлгі болған азамат.

Ашылған қордыӊ мақсаты Денистіӊ жобаларын іске асырып, шығармашылық жастарға қолдау көрсету болып табылады. Чемпион тек мұз айдында ғана емес, музыка және сценарий жазумен де әуестенген, сонымен қатар, әдемі суреттер түсірген. Денис өз артында өшпестей мұра қалдырды. Енді оныӊ ата-анасы, достары, әріптестері Денистіӊ бастамаларын жалғастырып, оларды одан әрі іске асыруды көздеп отыр.

Қордыӊ кеӊсесініӊ тұсаукесерінде атақты мәнерлеп сырғанаушы Елена Родионова және де қаланыӊ жас спортшылары Halyk Arena жиналған көрермендер алдында өз өнерлерін көрсетті.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны