30.05.2016, 12:34 3398

Алматыда денсаулығыныӊ менталдық кемістігі бар азаматтардыӊ әлеуметтік интеграциясы мен оларға көрсетілетін баламалы қызметтердіӊ дамуы талқыланды

Бүгін Алматыда "Қазақстан Республикасындағы менталдық кемістігі бар азаматтардыӊ әлеуметтік интеграциясы мен оларға көрсетілетін баламалы қызметтерді дамытудыӊ перспективалары" атты дөӊгелек стол өтті. Шараны "Аман-саулық" Қоғамдық қоры Сорос Қазақстан Қорыныӊ қаржыландыруымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) бірлесе отырып ұйымдастырды

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда "Қазақстан Республикасындағы менталдық кемістігі бар азаматтардыӊ әлеуметтік интеграциясы мен оларға көрсетілетін баламалы қызметтерді дамытудыӊ перспективалары" атты дөӊгелек стол өтті. Шараны "Аман-саулық" Қоғамдық қоры Сорос Қазақстан Қорыныӊ қаржыландыруымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) бірлесе отырып ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға ҚР ДСИДМ, жергілікті атқарушы орган өкілдері, медициналық ЖОО мен колледждерініӊ, халықаралық ұйымдар мен қорлардыӊ, әлеуметтік-медициналық ҰЕҰ өкілдері және ментальді кемістігі бар азаматтардыӊ туыстары қатысты.

Дүние жүзінде менталдық кемістігі бар адамдардыӊ әлеуметтік интеграциясы өзекті мәселелердіӊ бірі болып отыр. Психикасы бұзылған адамдарды кемсіту мен олардыӊ стигматизациясы - психикалық денсаулықты қорғау саласындағы маӊызды мәселелердіӊ бірі. Онымен күресу шаралары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастық қызметтерініӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып саналады.

Отырыс барысында "Аман-саулық" ҚҚ президенті Бахыт Түменова өткен жылы Қазақстанныӊ бес аймағында менталдық кемістігі бар азаматтардыӊ әлеуметтік интеграциясы мәселелері бойынша тұрғындардыӊ хабардарлығын арттыру мақсатында қоғамдық тыӊдаулар өткізілгенін еске салды. Сонымен қатар, психикалық ауытқушылықтары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік ұйымдар аясында әлеуметтік көмектіӊ қолданыстағы тетіктерініӊ тиімділігін анықтау мақсатында сараптама жасалды, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және көмек көрсетудіӊ баламалы тәсілдерін дамытуға бағытталған ұсынымдар дайындалды.

"Аймақтардағы қоғамдық тыӊдаулардыӊ сараптамасы денсаулығыныӊ психикалық кемістігі бар азаматтардыӊ құқықтары туралы пациенттер мен олардыӊ туыстары, жалпы тұрғындар хабардарлығыныӊ төмендігін дәлелдеді", - деп атап айтты Бахыт Түменова.

Дөӊгелек стол аясында әлеуметтік ҮЕҰ-ныӊ бәсекеге қабілеттілігі мен олардыӊ қызметтерін тұтынушылар арасындағы сұранысы, ҮЕҰ мәліметтерініӊ халықаралық стандарттарға сай болуы мен олардыӊ қаржыландыруы және т.б. талқыланды.

Естеріӊізге сала кетейік, 2008 жылдан бастап Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді (әрі қарай - АИҚ) дайындау мен енгізу жұмыстары басталды. АИҚ ұсынатын ұйымдар желісін дамыту - маӊызды міндеттердіӊ бірі болып табылады. Аталған мерзім ішінде олардыӊ саны 35%-ға ұлғайып, 2008 жылы 592 ұйымнан 2015 жылы 797 ұйымға дейін артты.әлеуметтік қызметтер ұсынатын әлеуметтік ҮЕҰ-ды қолдау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және халықаралық гранттар арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны