19.10.2018, 20:10 4030

Алматыда Денсаулық сақтау басқармасыныӊ жаӊа басшысы тағайындалды

Дегенмен, атқарылған жұмыстарға қарамастан тұрғындардыӊ қаланыӊ медициналық ұйымдары көрсететін қызметтерге көӊілдері толмайды. Осыны ескере отырып, Алматы әкімі Денсаулық сақтау басқармасы жаӊа басшысыныӊ алдына принципті әрі жүйелі жұмысты қажет ететін бірінші кезектегі міндеттерді қойды.

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денсаулық сақтау басқармасыныӊ жаӊа басшысы Қанат Төсекбаевты таныстырды.

Соӊғы жылдары Алматыда қала тұрғындарыныӊ денсаулығына қатысты негізгі индикаторлар бойынша оӊ нәтижелерге қол жетті, денсаулық сақтау ұйымдарын жаӊа заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету 80%-ға жетті. Тұрғындардыӊ 94%-ы электронды паспортпен қамтылды. Жыл аяғына дейін қаланыӊ барлық емханалары қағазсыз форматқа көшеді .Жүргізілген медициналық реформалар нәтижесінде сырқаттарға қызмет көрсету уақыты 20%-ға, кезек күту 30%-ға қысқарды.

"Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына үнемі айрықша назар аударады, бұл мәселе Елбасыныӊ халыққа Жолдауында да көрініс тапқан. Президенттіӊ тапсырмасы бойынша сырқатты емдеудіӊ жаӊа әдістерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерініӊ жалақысы 1 қаӊтардан бастап біртіндеп 20%-ға өседі. Тек Алматыныӊ өзінде ғана бұл шара жалақысы 199 416 теӊгеге жететін учаскелік қызметтіӊ 1028 дәрігерін, еӊбекақысы 130766 теӊгеге дейін өсетін 2400 медбикені қамтиды", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Дегенмен, атқарылған жұмыстарға қарамастан тұрғындардыӊ қаланыӊ медициналық ұйымдары көрсететін қызметтерге көӊілдері толмайды. Осыны ескере отырып, Алматы әкімі Денсаулық сақтау басқармасы жаӊа басшысыныӊ алдына принципті әрі жүйелі жұмысты қажет ететін бірінші кезектегі міндеттерді қойды.

Яғни, медицина ұйымдарыныӊ барлық қызметі ашық болуы және сыбайлас жемқорлыққа жол берген басшыларға қатаӊ шаралар қолданылуы қажет. Қаланыӊ медицина ұйымдары азамттардыӊ барлық өтініштеріне мониторинг жүргізулері, оларға дер кезінде мән берулері әрі өздерініӊ қаржылық есептерін жария етулері тиіс.

Денсаулық сақтау басқармасыныӊ жаӊа басшысына қаланыӊ медицина мекемелері жанындағы қадағалау кеӊесініӊ құрамына ҮЕҰ, БАҚ өкілдерін және блогерлерді енгізе отырып, оны қайта қарау тапсырылды. Өз кезегінде ұйымдардыӊ ішкі аудит қызметі тек қадағалау кеӊесіне ғана тікелей есеп берулері тиіс.

Бұлдардан өзге дәрілерді сатып алуды электронды форматқа көшіріп, медициналық техниканы сатып алған кезде оныӊ нақтылы бағасына жасалған сараптаманы жіті бақылаған жөн.

Орталықтандыру қағидасы бойынша медициналық қызметті қолжетімді ету үшін мегаполистіӊ әр ауданында ұйымдық- құқықтық формасы өзгерген көппрофильді стационарлар құрылатын болады.

Осыған орай, Денсаулық сақтау басқармасына медициналық ұйымдардыӊ басшыларын конкурстық негізде тағайындаудыӊ нақтылы механизмін әзірлеу тапсырылды, мұнда түпкі нәтижеге ерекше назар аударылуы тиіс. Қала басшысы талапқа сай әлеуметтік лифт құруды және басшыларды меритократия принципі бойынша таӊдауды ұсынды.

Айта кетерлігі, Денсаулық сақтау басқармасыныӊ жаӊа басшысы өзініӊ еӊбек жолын медициналық жедел жәрдемде фельдшер болып бастаған. Ир жылдары Алматыдағы балалардыӊ жұқпалы аурулар ауруханасыныӊ және Астана қаласындағы медициналық жедел жәрдем станциясыныӊ бас дәрігері қызметтерін атқарған. Жаӊа қызметке тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысыныӊ Денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Қазақ мемлекеттік медицина университетініӊ және Ганновер жоғары медицина мектебініӊ түлегі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны