26.10.2016, 15:26 3948

Алматыда дін жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы профилактикалық бағыттағы іс-шаралар өткізеді

Негізгі іс-шаралардыӊ арасында жергілікті ақпараттық-насихаттау топтарыныӊ мүшелері, атқарушы мен құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері үшін семинар-тренингтер; мұғалімдер үшін дәрістер мен оқыту семинарлар; мешіт "жамағаттарымен" әӊгімелер; жұмыс ұжымдары, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерімен кездесулер жоспарланып отыр.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - 27-28 қазан аралығында Алматы қаласыныӊ тұрғындары арасында дін жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы (РАНТ) мүшелерініӊ қатысуымен 10-нан астам түрлі профилактикалық бағыттағы іс-шаралар өтеді.

Негізгі іс-шаралардыӊ арасында жергілікті ақпараттық-насихаттау топтарыныӊ мүшелері, атқарушы мен құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері үшін семинар-тренингтер; мұғалімдер үшін дәрістер мен оқыту семинарлар; мешіт "жамағаттарымен" әӊгімелер; жұмыс ұжымдары, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерімен кездесулер жоспарланып отыр.

Республиқалық ақпараттық-насихаттау топтыӊ құрамына жаӊадан құрылған Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ өкілдері, еліміздіӊ жетекші теологтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері кіреді, олар: Министрліктіӊ қоғам және БАҚ-пен байланыс жөніндегі басқармасыныӊ басшысы - Иманбаев М.О. (топ басшысы); ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығыныӊ директорыныӊ орынбасары - Баймаханов Б.К.; ҚМДБ Шариғат және фетва бөлімініӊ басшысы - С. Шоқан; "Білім" қоғамдық бірлестігініӊ директоры - Р. Ержанов және басқалар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны