19.09.2011, 09:55 3249

Алматыда дүйсенбі күні жауын-шашын болмайды деп күтілуде

Синоптиктер дүйсенбі күні Астана мен Алматыда күн жауын-шашынсыз болады деп болжайды.

Алматы. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда дүйсенбі күні жауын-шашын болмайды деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, синоптиктер дүйсенбі күні Астана мен Алматыда күн жауын-шашынсыз болады деп болжайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім еткен.

Күндіз Астанада жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/сек жел тұрады. Ауа температурасы +22+24 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды, шығыстан 0-5 метр/сек еседі. Ауа температурасы +23+25 градус.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны