10.10.2017, 17:44 4716

Алматыда Дүниежүзілік туризм күні қарсаӊында "Qazaq-Oner" қолөнершілер орталығы ашылды

"Qazaq-Oner" - білім беретін, өндірістік, сауда, мәдени-тарихи және сауықтық орталық. Қолөнершілердіӊ орталығы Атлетикалық ауылдағы Пирамида залында, дәстүрлі музыканыӊ мультимедиялық орталығы, ұлттық тағамға арналған мейрамханаға жақын орналасқан.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Алматылықтарға туризмніӊ жаӊа нысаны таныстырылды. Алматыда Дүниежүзілік туризм күні қарсаӊында "Qazaq-Oner" қолөнершілер орталығы ашылды.

"Qazaq-Oner" қолөнершілер орталығы "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы, Туризм және сырты байланыс басқармасы және Мәдениет басқармасыныӊ қолдауымен ашылды. Бұл орталықтыӊ басты мақсаты - туризмді дамыту.

"Qazaq-Oner" - білім беретін, өндірістік, сауда, мәдени-тарихи және сауықтық орталық. Қолөнершілердіӊ орталығы Атлетикалық ауылдағы Пирамида залында, дәстүрлі музыканыӊ мультимедиялық орталығы, ұлттық тағамға арналған мейрамханаға жақын орналасқан.

"Орталықта 20 қолөнер шеберініӊ жұмыстары қойылған. Олардыӊ көбі ЭКСПО көрмесінен келді, жаӊа бұйымдар жасап үлгермеді, бірақ алдағы уақытта заттардыӊ қатары көп болары анық. Бұрындары қолөнершілерге БҰҰ, ЮСАИД, ЮНЕСКО секілді халықаралық қоғамдық қорлар қолдау көрсететін. Биыл алғаш рет мемлекет, атап айтқанда Алматы әкімдігі қолдау көрсетіп, жаӊа жылға дейінгі жалдау қаржысын көтерді. Біз аяғымыздан нық тұрып кеткенге дейін, әрине. Ісімізді жолға қойғанша айтарлықтай көмек екені белгілі. Мұнымен қоса, орталықтыӊ барлық жабдығы - жиһаз, сөре, орындықтар қала әкімдігініӊ қаражатына сатып алынды. Бұрындары қолөнершілер біреуге арқа сүйеп, қорлардан көмек сұрап келген, қандайда бір шеберлік сыныптарыныӊ ресми жұмыс істегені сирек болатын. "Жалғыздыӊ үні шықпас" деген. Сондықтан орталықтыӊ мақсаты -бірге жұмыс істеу. Бізде кассалық қана емес, карта қабылдайтын аппарат та болады. Себебі туристердіӊ барлығы карта арқылы төлейді. Қолөнерді шағын бизнес деӊгейіне дейін көтеріп, бюджет түсімін арттыруды ғана емес, чек бере отырып, клиентке сапалы қызмет көрсетуді көздейміз. Корпоративтік клиенттер хабарласады, олармен құжат жүзінде жұмыс істеу керек. Серіктестер қатарында көптеген туристік компаниялар бар. Оолар өз туристерін бізге алып келеді. Швециядан келген туристерді қарсы алдық, олар киіз басудан шеберлік сағатын алды", - дейді Алматы қаласы Іскер әйелдер кеӊесініӊ мүшесі, жоба авторы, кәсіпкер Айгүл Жансерікова.

"Бұл туристер келетін нысан. Алматы туризмді дамытуға әлеуеті мол. Осындай орталықтыӊ ашылуы үстемелейді. Жоба Алматы кәсіпкерлер палатасы дайындаған Туризмніӊ жол картасына енгізілген. Біз бұл жобаларды сүйемелдеп, қаржылай емес қолдау көрсетеміз. Сондықтан осындай орталықтардыӊ қатары көбейгені жақсы", - деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Юрий Тілеумұратов.

"Qazaq-Oner" қолөнершілер орталығыныӊ жалпы ауданы 800 шаршы метр. Қазақтыӊ ұлттық қолданбалы өнерін дамытуға, танымалдығын арттыруға бағытталған тұӊғыш әрі бірегей жоба.

Жоба қазақ қолөнер шеберлерініӊ қатарын көбейтуге, олардыӊ өнерін өрістетуге сеп болып, өскелеӊ ұрпақтыӊ тәрбиесіне де үлес қосары анық. Сонымен қатар жергілікті өндіріс жолға қойылып, жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына ықпал етеді.

Ықылас танытқандар жаӊа мамандық алып, отбасылық демалыс ұйымдастыра алады. Киіз басу, қыш құю, зергерлік өнер, құрақ құрау, кесте тігу, тоқыма және т.б. түрлерін тегін үйренуіне мүмкіндік бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны