20.05.2015, 16:30 3641

Алматыда джип балабақша шарбағына соғылып, бір баланы мерт қылды

Алматы қаласыныӊ Таугүл-1 шағын ауданында жол талғамайтын көлік балабақшаныӊ шарбағына соғылып, арғы бетінде алаӊда ойнап жүрген 9 баланы жаралады, арасындағы 5 жасар бала көз жұмды

Алматы. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Таугүл-1 шағын ауданында жол талғамайтын көлік балабақшаныӊ шарбағына соғылып, арғы бетінде алаӊда ойнап жүрген 9 баланы жаралады, арасындағы 5 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, "Тойота Ленд Крузер" автокөлігініӊ рөлінде 46 жастағы әйел адам отырған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Сүлейменов көшесінде орналасқан №58 балабақша шарбағына көлік соғылып, салдарынан 5 жастағы бала көз жұмды, тағы бірнеше бала түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға ҚР ҚК 345-бабыныӊ 3-бөлігі, яғни соӊы адам өліміне алып келген жол ережесін бұзу бойынша Алматы ІІД сотқа дейінгі тергеу бір реттік реестіріне тіркелді", - деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалуда. Жүргізуші ІІД-ніӊ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынады. Оқиғаныӊ анық-қанығы әлі нақтыланып жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны