01.07.2018, 22:43 3877

Алматыда егде жандарға қолдау көрсететін арнайы орталық ашылды

Егде жандарға компьютерлік сауат ашу, смартфонмен жұмыс істеуді және ағылшын тілін үйрету тұрақты жүргізіледі. Қоғамдық бірлестіктермен бірге апта сайын тегін құқықтық, психологиялық, медициналық кеӊестер беріледі, мотивациялық семинарлар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек егде жандарға арналған белсенді ұзақ өмір Орталығыныӊ ашылуына қатысты. Жөндеуден өткен ғимаратта кітапхана, йога мен аэробика үшін фитнес зал, кино көретін, шахмат, тқоғызқұмалақ домино ойнайтын, тоқыма тоқитын және басқа залдар бар.

Егде жандарға компьютерлік сауат ашу, смартфонмен жұмыс істеуді және ағылшын тілін үйрету тұрақты жүргізіледі. Қоғамдық бірлестіктермен бірге апта сайын тегін құқықтық, психологиялық, медициналық кеӊестер беріледі, мотивациялық семинарлар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

"Мұнда бәрі жақсы жасалған, біз ұзақ күттік. Мен өзім "ұзынқұлақтан" қалада осындай Орталықтыӊ ашылатынын естідім. Бірінші болып келіп, алғашқылардыӊ қатарынан табылдым, жақын жерде тұрамын. Өзіме ұнайтын бағдарламаны да таӊдадым, енді хорға, йогаға қатысамын. Жасым 80-ге таяп қалды, бірақ мен белсенді әжеймін. Тауға шығамын, таяқ ұстамаймын, бұл жерде мен скандинаиялық қадамды үйренетін боламын. Компьютермен жұмыс істеуді де үйренгім келеді", - деді алғашқы келушілердіӊ бірі Римма Калашникова.

Жаӊа Орталық осыдан бірнеше ай бұрын қабылданған егде ұрпақты қолдауға және оларды белсенді өмірге тарту мен ұрпақтар үндестігін қамтамасыз етуге арналған қалалық "Белсенді ұзақ өмір" Жол картасыныӊ аясында ашылып отыр.

"Еӊ алдымен біз әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардыӊ мәселесін шешумен айналысамыз. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен біз Алматыда мемлекеттік бала бақшаларға ақы төлеуді екі есе төмендеттік. Жастарға қолдау көрсету үшін студенттік жатақханалар салынуда, жас отбасылар алғашқы жарнаны төлемей-ақ 5 пайыздық несие алып, тұрғын үй мәсеелесін шеше алады. Дегенмен, тұрғындардыӊ тағы бір категориясы бар, олар көмекке зәру. Бұлар -егде жандар, Алматыда олардыӊ қатары 12%-дан астам. Жасы келген адамдар зейнетақымен шектелмеулері тиіс. Олар өздерініӊ керек екендіктерін сезінгендері жөн. Сондықтан біз биылғы жылды Алматыда аға ұрпақты қолдау аясында өткізетін боламыз", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жоба қолға алынысымен қалада 1700 адамды қамтыған 32 әлеуметтік клуб ашылды. Компьютерлік сауат курсынан 1000-нан астам зейнеткер өтті.


Қаланыӊ әр ауданында таӊғы және кешкі денешынықтыру сабақтары, фитнес, йога, скандинавиялық қадам жүзеге асып, бұларға 2000 зейнеткер қатысуда. Ардагерлер кеӊесініӊ базасында 100-ден аса адам қатысатын экотуризм клубы жұмыс жасауда. Шілде мен қараша айлары аралығында демалыс күндері Үлкен Алматы өзеніне,Боралдай сақ қорғанына және басқаларына баруға 20 тур жоспарланған.

Ақылы бассейндерге, спорт залдарына, би студияларына баруды қолжетімді ету үшін әлеуметтік жоба жасалған. Қазірдіӊ өзініде 800 зейнеткердіӊ бассейндер мен фитнес клубтарға жеӊілдікпен барулары үшін абонементтер сатып алынуда.

Икімдіктіӊ "Open Almaty" Сall-center қоғамдық қабылдаулары арқылы әлеуметтік қызмет туралы ақпарат беретін 1308 арнайы желі ұйымдастырылған. Соӊғы жылдары қала емханаларында 16 гериатрикалық кабинеттер ашылды.

Таяу арадағы екі ай ішінде Ata-Apa.kz интернет- порталы жұмыс істейтін болады, мұнда егде жандар үшін қажет әлеуметтік және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар мен арнайы еӊбек биржасы туралы мәліметтер беріледі.Мысалы, егер зейнеткер үйінде отырып репетиторлықпен айналысқысы келсе, онда ол ұзақ өмір Орталығына телефон арқылы хабарласып, өзі туралы мәліметтерді бере алады.


Жол картасы аясында 100-ден аса мәдени-бұқаралық, спорттық және зияткерлік шаралар өткізіліп, оларға зейнеткерлер кеӊінен тартылады. Мысалы, "Таланттар конкурсыныӊ", "Меніӊ сүйкіті Алматым" фотокөрмесініӊ, зейнеткерлер үшін арнайы бос орындар жәрмеӊкесініӊ тартымдылығы арта түседі.

Бүгінгі күні Алматыда 222 мыӊ зейнеткерлер тұрады немесе олар қала тұрғындарыныӊ 12,5% пайызын құрайды. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымыныӊ мәліметіне жүгінсек, зейнеткерлерді белсенді өмірге тарту олардыӊ ғұмыр жасын ұзартып, денсаулықтарына оӊ ықпал ететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны