26.09.2018, 18:07 6645

Алматыда Елордасыныӊ 20 жылдығына орай "Астанадан ақ тілек" атты гала-концерт болып өтті

Концерт Астана әкімдігініӊ Мемлекеттік академиялық филармониясыныӊ жанындағы қазақ оркестрініӊ және "Шалқыма" халық биі ансамблініӊ сүйемелдеуімен өткізілді. Оркестрді профессор, дирижер Айтқали Жайымов басқарды. Юморист әрі тележүргізуші Тұрсынбек Қабатов алматылықтар туралы стендап арқылы көрермендердіӊ көӊілін бір көтеріп тастады.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыдағы Республика сарайында Елордасыныӊ 20 жылдығына орай "Астанадан ақ тілек" атты гала-концерт болып өтті, деп хабарлайды "Вечерний Алматы" газеті.

Мерейтойға орай алматылықтарға Астананыӊ мәдениет саласыныӊ танымал дарынды тұлғаларыныӊ қатысуымен мерекелік концерт тарту етілді.

Концертке құрметті қонақ ретінде Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Ермек Аманшаев пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек келді.

Концерт Астана әкімдігініӊ Мемлекеттік академиялық филармониясыныӊ жанындағы қазақ оркестрініӊ және "Шалқыма" халық биі ансамблініӊ сүйемелдеуімен өткізілді. Оркестрді профессор, дирижер Айтқали Жайымов басқарды. Юморист әрі тележүргізуші Тұрсынбек Қабатов алматылықтар туралы стендап арқылы көрермендердіӊ көӊілін бір көтеріп тастады.

Қонақтар алдында Нұрғали Тұрлыбеков, Медет Сауытов, Клара Төленбаева, "Арт домбра", "Дос" топтары, Алмас Кішкенбаев, Тамара Асар, Алтынай Жорабаевалар өнер көрсетті.

"Астана - жаӊа Қазақстанныӊ нышаны. Астана - еліміздіӊ жүрегі. Тәуелсіздігіміздіӊ тірегі. 20 жылда ол бірегей сәулетімен, өзгеше евразиялық кескін-келбетімен әлемніӊ жетекші Елордаларыыӊ біріне айналып үлгерді", - деді кештіӊ жүргізушілері.

Мерекелік концертті эпатажды әнші Қайрат Баекенов пен "Формат" тобы аяқтады.

Алматы қаласы әкімініӊ атынан әртістерге концерт соӊында гүл шоқтары табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны