08.05.2018, 12:46 8118

Алматыда еӊ көне ұлттық күрес қайта жаӊғырды

Қазақстандықтар арасында "Аламан бәйге", "Қазақ күресі", "Аударыспақ", "Жамбы ату", "Көкпар" бойынша жарыстар кеӊінен танымал болуда.

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Іле Алатауыныӊ етегінде еліміздіӊ 1000-нан астам палуандары "Белдесу" ұлттық күресі бойынша өткен алғашқы республикалық турнирге қатысуда. Бұл олимпиадалық емес ойындардыӊ әлемдік желісіне ресми түрде енген еӊ көне ұлттық күрес түрі.

Турнирді ашқан Алматы әкімі Бауыржан Байбек Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыруда бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

Қазақстандықтар арасында "Аламан бәйге", "Қазақ күресі", "Аударыспақ", "Жамбы ату", "Көкпар" бойынша жарыстар кеӊінен танымал болуда.

Өз кезегінде қазақ күресі федерациясыныӊ басшысы Қанат Бозымбаев "Белдесу" ұлттық күресі жастарға патриоттық тәрбие берумен қатар еліміздіӊ жаӊа чемпиондарын ашуы мүмкін екенін айтты. Аттары аӊызға айналған Қажымұқан, Балуан Шолақ сынды палуандар осындай сайыстарға қатысқан еді.

"Халық барысы" жобасыныӊ идеялық қолдаушысы Арман Шораев турнирге ниет білдіргендердіӊ барлығы, соныӊ ішінде 18-ден 50 жасқа дейінгі шетелдік спортшылар да қатыса алады деді. Жарыстыӊ алдында барлық спортшылыр медициналық бақылаудан өтеді.

"Ирбір жекпе-жек 5 минутқа созылады. Егер палуанныӊ біреуі жерге құласа немесе тізесімен, қолымен, денесініӊ өзге бөлігімен жерге тірелсе, жеӊілген болып саналады. Есеп теӊ болса, онда 3 минут қосымша уақыт беріледі. Бұдан кейін де жеӊімпаз анықталмаса, онда қатысушылар салмақ өлшеуден өтеді. Жеӊіс салмағы еӊ төмен спортшыға беріледі", - деді Арман Шораев.

"Халық барысы" турнирініӊ ашылу салтанаты барысында көрермендер алдында "МузАртLIFE", Қайрат Нұртас, "Өркен", "Бозторғай" балалар хоры, Маржан Арапбаева, Ұшқын Жамалбек, Нұрболат Абдуллин, Ибдіжаппар Илқожа, Мәдина Сәдуақасова, ҚР ҰҚК шекара училишесініӊ курсанттары және басқалары өнер көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны