12.09.2018, 20:56 7404

Алматыда "Еӊ үздік алма ас мәзірі" атты мейрамханалар арасындағы байқаудыӊ жартылай финалы өтті

Ерекше конкурста бақ сынауға қаладағы 50-ге жуық мейрамхана өкілдері қатысты. Қаланыӊ танымал аспаздары өзіндік құпияларымен бөлісіп, бүгінгі байқауға арнайы жасаған ерекше тағамдарымен көпті тәнті етті.

Алматы. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда бүгін Көктөбеде "Еӊ үздік алма ас мәзірі" атты мейрамханалар арасындағы байқаудыӊ жартылай финалы өтті, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Ерекше конкурста бақ сынауға қаладағы 50-ге жуық мейрамхана өкілдері қатысты. Қаланыӊ танымал аспаздары өзіндік құпияларымен бөлісіп, бүгінгі байқауға арнайы жасаған ерекше тағамдарымен көпті тәнті етті.

Байқау шарты бойынша қатысушылар тек алмадан жасалған ас мәзірін ұсынуы тиіс. Яғни қазылар алқасы, "Еӊ үздік алма қосылған тағам", "Еӊ үздік алма сусыны", "Еӊ үздік алма салаты" және "Еӊ үздік алма десертін" анықтады. Дегенмен, дегустаторларға бірінен бірі асқан, дәмі тіл үйірер тағамдарды таӊдау қиынға соқты.

"Ақтық кезеӊге еӊ үздік деген 25 қатысушы іріктеліп алынады. Ал, жеӊімпаздардыӊ есімдері 16 қыркүйекте "Қала күні" мерекесін тойлау кезінде белгілі болады. Ұйымдастырушылар тарапынан байқауда көш бастағандарға өте жақсы сый-сыяпат беріледі. Медиабордтарда 1 жыл бойы мейрамхананыӊ жарнамасын тегін жүргіземіз және "еӊ үздік шеф-аспазды" кәсіби біліктілігін арттыру үшін Мәскеуге жібереміз", - Алматы қаласы әкімдігініӊ баспасөз қызметі жетекшісініӊ орынбасары Динара Сапақова.

Байқаудыӊ мақсаты - Алматы қаласыныӊ мәртебесін, алмалар қаласы ретінде сақтау, әрі дәріптеу. Сондықтан, бұдан былай қаланыӊ дәмханалары мен мейрамхаларында арнайы "алма ас мәзірі" пайда болады. Ал, қала тұрғындары шаһардағы еӊ үздік шеф-аспаздар әзірлеген жаӊа тағамдардыӊ дәмін Алматыныӊ туған күнінде тата алады.

"Қазір бізде осы қала күніне арналған меню бар, бүкілі алмадан жасалған мәзір. Біз бүгін 2 тағам жасадық, ол лимонад және тәтті тағам. Қабат-қабат қамырдан жасалған ішіне алма қосылған. Біздіӊ алматылық алма қосылған тәтті десерт", - деді байқауға қатысушы мейрамхана директоры Аяна Кенжебай.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны