13.03.2018, 16:21 6058

Алматыда еӊ ұзын "Құрақ көрпе" тігіледі

Алматыда "Наурыз-2018" мерекесі аясында еӊ ұзын "Құрақ көрпе" (Quraq korpe) тігіледі. Мегаполисте "Гиннес рекордтар кітабыныӊ" жаӊа рекорды жасалмақшы. Құрақ көрпеніӊ ұзындығы 25 500 шаршы метр болады

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда "Наурыз-2018" мерекесі аясында еӊ ұзын "Құрақ көрпе" (Quraq korpe) тігіледі. Мегаполисте "Гиннес рекордтар кітабыныӊ" жаӊа рекорды жасалмақшы. Құрақ көрпеніӊ ұзындығы 25 500 шаршы метр болады. Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша рекорд жасалып, сертификат алынған соӊ көрпе құрақтары түрлі көрмелерге қойылады.

Құрақ көрпені тігу жөніндегі шеберлік сыныбына қатысуға ниет білдірушілердіӊ барлығы 10 наурызда www.nauryzfest2018.kz. сайтына тіркелулері тиіс. Атаулы шара "Наурыз-2018" атты наурыз мерекесіне орай 22 наурызда басталып, Алматыныӊ Қала күні өтетін қыркүйекте аяқталады. Жобаны жүзеге асыру үшін қаланыӊ 25 кітапханасында көрпе элементтері қабылданады.

Айта кетерлігі, бұныӊ алдындағы рекорд 2000 жылы Португалияныӊ Порто қаласында ұзындығы 25100 шаршы метр "Manta da Cultura" көрпесін тігумен жасалған болатын.

"Құрақ көрпеніӊ" әр бөлшегі Отанымыздыӊ сан алуандығын: оныӊ даласын, тауы мен өзенін көрсетеді, ал басты символ- халықтыӊ бірлігі. ҚР-да 130-дан астам ұлт тұрады. Көрпеніӊ құрақтары тұтас жамылғыға айналып, еліміздіӊ тұтастығын паш етеді", - деген түсінік берді Алматы қаласы Мәдениет және мұрағаттар басқармасындағылар.

"MacTea" компаниясы да рекордқа қол жеткізбекші, яғни 2018 жылдыӊ 22 наурызында Жібек жолы көшесінде бұрын- соӊды болмаған шәй ішу шарасын өткізуді жоспарлап отыр. Олар сыйымдылығы 2 000 литр болатын үлкен шәйнектен Алматы тұрғындары мен қонақтары тез шығатын сүті, қанты, шәйі ішінде 1 маркалы шәйін ұсынатын болады. Осыныӊ арқасында шараны ұйымдастырушылар 20 000-нан астам адамды шәймен сусындатпақ.

Айта кетерлігі, " Гиннес " инспекторы барлық ингриденттерді есептеп, қанша шәйдіӊ ішілгенін біледі, содан соӊ компанияға сертификат беріліп, қазақстандық " Гиннес " рекордтық кітабына жазылады.

Еске салсақ, "Наурыз-2018" мерекесі 21 - 25 наурыз аралығында сағат таӊғы с 10:00 мен кешкі 21:00-ге дейін мегаполистіӊ түрлі алаӊдарында өтеді. Ал 22 наурызда Астана алаӊында үлкен концерт, ұлттық ас мәзірі фестивалі және басқалары ұйымдастырылады.

Мерекелік шаралар Панфилов, Жібек Жолы көшелерінде 22 - 25 наурыз аралығында 10:00-22:00 сағаттарда өтеді, 120 000 астам адам келеді деп күтілуде. Алматыда 12 елдіӊ өкілдері болады, олар Иран, Қазақстан, Изірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Ирак, Түркменстан және басқалары.

Бұлардан өзге, көктем мерекесі Жүргенов академиясы маӊындағы сахнада, Атлеттер ауылында, "Almaty Arena" жанында да ұйымдастырылады.

"Наурыз-2018" мерекесі бір ай бойына, яғни наурыз бен сәуір айларында атап өтіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны