08.12.2015, 14:23 4054

Алматыда еркектерге СПИД жұқтырып жүрген жезөкшелердіӊ тағы бір тобы ұсталды

Алматыда бір түнде 42 жезөкше ұсталды. Алайда қалалық полиция оларды ақылы төсек қатынасымен айналысқаны үшін емес, қала көшелерін қоқыспен ластағаны үшін ұстап әкетіпті

Алматы. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда бір түнде 42 жезөкше ұсталды. Алайда қалалық полиция оларды ақылы төсек қатынасымен айналысқаны үшін емес, қала көшелерін қоқыспен ластағаны үшін ұстап әкетіпті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көше бойын жағалап тұратын мұндай қыздарды арсыз қызметі үшін жауапқа тарту заӊда көрсетілмеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары оларды қандай да бір тіркеуде бар-жоғын тексеру үшін бөлімшеге әкеліпті. Жалпы, өткен демалыс күндерінен бері қала бойынша жыныстық қызмет көрсететін 113 қыз қолға түскен. Олардыӊ 39-ы Абай даӊғылыныӊ бойынан ұсталса, 74-ін Сейфуллин көшесіндегі қоғамдық орындардан тауып алған. Барлығы бей-берекет қоқыс тастағаны, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және адамдарға өз қызметін ұсынып, мазасын алғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны