26.05.2015, 10:51 4594

Алматыда ерлі-зайыпты әртістер М. Шынтаев пен Г. Шәріпованыӊ өлі денесі табылды

Алматыдағы театрдыӊ гример бөлмесінде ерлі-зайыпты әртістердіӊ өлі денесі табылды. Қайғылы жағдайдыӊ жай-жапсары белгісіз. Бұл ақпаратты театрдыӊ баспасөз хатшысы Майя Иділхан растады

Алматы. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - Алматыдағы театрдыӊ гример бөлмесінде ерлі-зайыпты әртістердіӊ өлі денесі табылды. Қайғылы жағдайдыӊ жай-жапсары белгісіз. Бұл ақпаратты театрдыӊ баспасөз хатшысы Майя Иділхан растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін Алматы облысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрыныӊ ұжымы Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салып жатыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай өзара дау-жанжалдан шығуы мүмкін. Алдымен ері әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салуы мүмкін дейді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өнерлі жұптыӊ артында 2 баласы қалған.

ҚР "Серпер" жастар сыйлығыныӊ лауреаты, "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығыныӊ лауреаты Шынтаев Мұхитдин Сламақынұлы қазақстандықтарға "Жедел жәрдем-2" сериалы арқылы таныс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны