24.06.2015, 10:35 3264

Алматыда есірткі тасымалдаушы 47 жастағы әйел ұсталды

Алматыда есірткі тасымалдаумен айналысып келген әйел ұсталды. Тексеру барысында оныӊ пәтерінен қару мен ірі көлемде ақша тәркіленді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады

Алматы. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Алматыда есірткі тасымалдаумен айналысып келген әйел ұсталды. Тексеру барысында оныӊ пәтерінен қару мен ірі көлемде ақша тәркіленді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жедел қызмет өкілдерініӊ айтуынша, 47 жасар әйел есірткі сатумен, сақтаумен айналысып келген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оны әшкерелеу үшін полицейлер бірнеше арнайы операция жасауға мәжбүр болды.

"Көбіне ол есірткіні өз пәтерінде сатып жүрген. Кезекті саудасын ол Мақатаев Панфилов көшелерініӊ қиылысында жасаған. Сол жерде ол клиентке героинніӊ бірнеше дозасын сатқан. Бірнеше уақыттан соӊ полицейлер иісшіл иттіӊ көмегімен оныӊ пәтерін тінтіп шықты. Кіре берістегі шкафтан ақ ұнтақ зат табылды. Мамандар оныӊ героин екенін анықтады", - деді қалалық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ басшысы Азамат Садыров.

Сондай-ақ, келіншектіӊ пәтерінен заӊ орындарында тіркелмеген 2 травматикалық тапанша, 45 ұсақ колибрлі патрон, 3 велоспиед, планшет, ноутбук алтын бұйымдар, 2 млн 751 мыӊ теӊге көлемінде ақша табылды.

"Аталған заттардыӊ өзіне тиесілі екендігін азаматша растай алмады. Біздіӊ пайымдауымызша, бұл заттар клиенттердіӊ есірткі үшін берген төлемі болуы да ғажап емес. Ал ақшаны есірткі сатып тауып келгенін ол мойындады", - деді А.Садыров.

Қазір ол қамауға алынды. Медеу аудандық ІІБ тергеу жұмыстарын бастап кетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны