25.05.2010, 10:44 20871

Алматыда ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердегі ерлердің репродуктивтік денсаулығы мен демографиялық процесстердің стратегиялық мәселелері атты конгресс өтеді

Алматыда ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердегі ерлердің репродуктивтік денсаулығы мен демографиялық процесстердің стратегиялық мәселелері атты конгресс өтеді

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда 25-28 мамыр аралығында Қазақстан урологтарының съезі мен ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердегі ерлердің репродуктивтік денсаулығы мен демографиялық процесстердің стратегиялық мәселелері атты конгресс өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Урология ғылыми орталығының хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы №14 бұйрығына сәйкес, Алматы қаласында 25-28 мамыр аралығында "Зәр шығару жүйесінің инфекциялары", "Лапароскопиялық урология", "Ерлер денсаулығы" тақырыбында Қазақстан урологтарының съезі және "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдердегі ерлердің репродуктивтік денсаулығы мен демографиялық процесстердің стратегиялық мәселелері" атты II Еуразиялық андрологиялық конгресс өтеді.

Съездің жұмысына жақын және алыс шет елдердің жетекші урологтары қатысады. Сонымен қатар съезд шеңберінде Еуропалық урологтар мектебінің курсы және урологиялық саладығы орта медициналық қызметткерлер үшін білім беру семинары өтеді.

"Қазақстан урологтарының съезі мен II Еуразиялық андрологиялық конгресс урология мен андрология саласындағы ғалымдар мен практикалық дәрігерлердің білімі мен тәжірибесін интеграциялау алаңы болып табылады. Ал, съезде талқыланатын урологиялық қызметті ұйымдастыру, зәршығару жүйесінің инфекцияларын емдеу мен диагностикалауға қатысты жаңа әдістер, Қазақстанда лапароскопиялық урологияны дамыту мәселелері отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға және де дәрігер мамандығының беделін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұйымдастырылып отырған Еуропалық урологтардың курсы - Қазақстан урологтарының білім алуы үшін бірегей мүмкіндік, ал урология саласындағы орта медициналық персоналдар үшін Қазақстанда алғаш рет білім беру семинары өтеді",- деп хабарлайды орталық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны