18.09.2012, 11:02 4396

Алматыда "Еуразия" кинофестивалі өз жұмысын бастады

"Қазақфильм" АҚ президенті Ермек Аманшаев кинофестивальді ашық деп жариялап, шараның қала өміріндегі мән-маңызы туралы айтты. Ол сонымен қатар, қазақстандық кино өнерінің дамуына үлес қосып, жыл сайынғы мерекенің өтуіне қол ұшын беріп жүрген жандарға алғысын білдірді.

Астана. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда VIII халықаралық "Еуразия" кинофестивалі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Республика сарайының алдындағы қызыл кілемнен Қазақстан, Ресей, АҚШ елдерінің кино майталмандары жүріп өткен.

"Қазақфильм" АҚ президенті Ермек Аманшаев кинофестивальді ашық деп жариялап, шараның қала өміріндегі мән-маңызы туралы айтты. Ол сонымен қатар, қазақстандық кино өнерінің дамуына үлес қосып, жыл сайынғы мерекенің өтуіне қол ұшын беріп жүрген жандарға алғысын білдірді.

Кинофестивалді Имір Қарақұловтың "Виртуалды махаббат" картинасы ашты. Фильмдегі басты рөлді қазақстандық актриса Бибігүл Сүйіншалиева сомдаған.

Еске сала кетейік, фестиваль биыл 17-22 қыркүйек аралығында өтеді. Биыл іріктеуге әлемнің 33 елінен 149 толықметражды фильм қатысып отыр. Халықаралық Еуразия кинофестивалі қазылар алқасына "Троя" ("Troy"), "Посейдон" ("Poseidon"), "Мінсіз дауыл" ("The Perfect Storm") және Оскар сыйлығының 6 аталымын ұтып алған "Қайық" ("Das Boot") фильмдерін түсірген неміс режиссері, продюсер әрі сценарийші, актер Вольфганг Петерсен төрағалық етуде. Байқау барысында қазақ режиссерлері түсірген 16 жаңа фильм де көрерменге ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны