26.04.2018, 22:29 10543

Алматыда фтизиопульмонология орталығыныӊ 85 жылдық мерейтойына орай "Туберкулез эпидемиясын жоюға бағытталған жаӊаша көзқарастар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығыныӊ 85 жылдық мерейтойына арналған "Туберкулез эпидемиясын жоюға бағытталған жаӊаша көзқарастар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Алматы. 26 сәуір. KazakhstanToday - 2018 жылдыӊ 26-27 сәуірі күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығыныӊ 85 жылдық мерейтойына арналған "Туберкулез эпидемиясын жоюға бағытталған жаӊаша көзқарастар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу Жаһандық қоры жобасыныӊ қаржылық қолдауымен ұйымдастыруда.

Конференцияға Орта Азия елдерініӊ Денсаулық сақтау министрліктерініӊ өкілдері, Ресей, Беларусь, АҚШ, Оӊтүстік Корея және Қытай елдерінен мамандар, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымыныӊ (ДДСҰ) сарапшылары, Stop TB серіктестігініӊ өкілдері, халықаралық ұйымдардыӊ: халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігініӊ (USAID), ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін Жаһандық қорыныӊ (ГФСТМ), "Партнеры во имя здоровья" және KNCV өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны