27.07.2018, 15:52 3582

Алматыда халық арасында бауырдыӊ созылмалы ауруларын диагностикалау мақсатымен зерттеу өткізілді

Зерттеу екі кезеӊнен тұрды. Алғашқы кезеӊде қатысушыларға БАЕМА және метаболизмдік синдром қаупініӊ факторларын анықтау мақсатында сауалнамаға қатысу ұсынылды. Одан кейін, екінші кезеӊде тәуекел аймағындағы пациенттер қосымша зертханалық-құрал-саймандық тексеруге жіберілді.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда Дүниежүзілік гепатитпен күрес күнініӊ қарсаӊында бауырдыӊ алкогольді емес майлануы ауруын (БАЕМА), метаболизмдік синдромды (көмірсутек-май алмасуыныӊ бұзылуын) диагностикалау және аурудыӊ даму қаупініӊ факторларын анықтау мақсатында Алматы қаласы тұрғындарыныӊ арасында өткізілген зерттеудіӊ нәтижелері жарияланған баспасөз шарасы өтті. ҚР ДСМ Зерттеу Санофи Қазақстан компаниясыныӊ демеуімен, ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және Бауырды зерттеу бойынша Қазақ Қауымдастығыныӊ (БЗҚҚ) бастамасымен жасалды.

Зерттеу екі кезеӊнен тұрды. Алғашқы кезеӊде қатысушыларға БАЕМА және метаболизмдік синдром қаупініӊ факторларын анықтау мақсатында сауалнамаға қатысу ұсынылды. Одан кейін, екінші кезеӊде тәуекел аймағындағы пациенттер қосымша зертханалық-құрал-саймандық тексеруге жіберілді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары дәрежелі дәрігер, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ "Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ" гастроэнтерология және гепатология кафедрасыныӊ меӊгерушісі, БЗҚҚ төрағасы Александр Нерсесов ұсынды: "Зерттеуге 450-ге жуық адам қатысты. Нәтижелерге сәйкес тексеруден өткен адамдардыӊ 25,3?-да артық салмақ, семіру, күретамырлы қысымныӊ көтерілуіжәне т.б. осы секілді 2 немесе одан көп қауіп факторы анықталды. Олардыӊ ішінде көбінесе ер адамдарда кездесетін (55-да) артық салмақ немесе семіру (43?-ға дейін) анағұрлым маӊыздырақ болды. Оған қоса, зертханалық зерттеулер барысында май алмасудыӊ бұзылуы (дислипидемия 84%-ға дейін), бауыр жасушаларында май қыртыстарыныӊ пайда болуы (81?-да стеатоз) және бауыр тіндерініӊ қалыӊдап қатаюы (64?-да фиброз) жиі кездесті."

Сондай-ақ, профессор Нерсесов тәуекел тобында енжар тынығатын адамдар (30) көп болғанын, ал қауіп факторлары анықталмаған топта орташа жүктемесі бар адамдар (жүру - 46) болғанын атап өтті. Осы нәтижелер Алматы қ. халқыныӊ арасында бауырдыӊ созылмалы ауруларыныӊ таралуы бойынша ағымдағы жағдайды бағалауға мүмкіндік беріп, скринингтіӊ оӊтайлы алгоритмін құруға және ауруды азайту бойынша тиімді шаралар қолдануға ықпал етті.

БАЕМА бауыр ауруларыныӊ ішіндегі еӊ кеӊ таралғаны болып есептеледі, себебі ол әлем халқыныӊ - 20?-нан бастап 46?-на дейін, ал Қазақстандағы халықтыӊ 40?-нан артығын қамтиды. БАЕМА негізінде дұрыс тамақтанбау және дене қозғалысыныӊ аздығы нәтижесінде зат алмасудыӊ бұзылуы жатыр. Осыған байланысты салауатты өмір салты регрессияға ықпал етіп, аурудыӊ бастапқы кезеӊдерінде сауығып кетуге әкелетін емделудіӊ негізі болып табылады.

"Метаболизмдік синдром мен бауыр қайғылы жағдайға душар етеді, себебі артық салмақ пен семіздік БАЕМА дамуыныӊ еӊ негізгі факторларыныӊ бірі болып табылады. 1975 жылдан бастап 2016 жылға дейін бүкіл әлем бойынша семіруден зардап шегетін адамдардыӊ саны үш еседен артық өсті. 2016 жылы жасы 18-ден асқан 1,9 миллиард ересек халықта артық салмақ болды, ал олардыӊ 650 миллионнан астамы семіздіктен зардап шеккен. Дене салмағын төмендету үшін өмір салтын өзгерту қажет: физикалық белсенділікті көбейтіп, тамақтануды түзету керек және психологиялық демеу жасау қажет", - дейді жоғары дәрежелі дәрігер, м.ғ.к., ҚР ДСМ "Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ" ШЖҚ РМК "Терапия"бөлімініӊ меӊгерушісі Айгүл Раисова.

Оған қоса, жоғары дәрежелі дәрігер, м.ғ.д., "Қазақстан артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика бойынша қауымдастығыныӊ" вице-президенті Мейрамгүл Тұндыбаева, Еуропалық кардиологтар қауымдастығыныӊ мүшесі бола отырып, бауыр мен жүрек денсаулығы арасындағы байланысқа баса назар аударды: "Жүрек пен бауыр арасындағы байланыс БАЕМА кезінде тамырдыӊ ерте тозуына әкеледі: бұл артериялық қысымныӊ жоғарлауы, жүрек күретамырларындағы қысымныӊ төмендеуі, осы миокард ишемиясына (жүрек бұлшықетін қанмен қамтамасыз етудіӊ төмендеуіне), сонымен бірге гемодинамиканыӊ (қанныӊ тамырлар бойымен қозғалысыныӊ) өзгеруіне әкеледі.Бұдан басқа, жүрек пен бауыр арасындағы байланыс атеросклероздыӊ және тромбоздыӊ дамуынан білінуі мүмкін. Сондықтан да, салауатты өмір салтын ұстанып, салмақты қадағалап, дәрігерге уақытында бару өте маӊызды".

Сондай-ақ, шараға белгілі қазақстандық спортшы, пауэрлифтинг бойынша әлемніӊ, Азия мен Еуропаныӊ екі дүркін чемпионы, бодибилдинг бойынша ҚР чемпионы Валихан Тен де қатысты. Спорт және тамақтану туралы "Другой ты!" кітабыныӊ авторы бола отырып, ол дұрыс тамақтанудыӊ маӊыздылығы мен ережелері туралы әӊгімелеп, өзініӊ спорттағы жетістіктерімен бөлісті.

Шара аясында барлық қатысушыларға InBody 770 соӊғы буындағы кәсіби медициналық дене талдағышыныӊ көмегімен өз ағзасыныӊ жай-күйін тегін тексеруден өткізу ұсынылды. Бір процедурадан өткенде-ақ аспап ағзадағы май мен сұйықтық мөлшері, бұлшық ет және сүйек салмағы, жасушаішілік және жасушадан тыс судыӊ мөлшері туралы дәл көрсеткіштер және одан басқа көптеген маӊызды ақпарат береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны