05.05.2017, 18:06 9274

Алматыда халық әртісі Асаналі Ишімовтыӊ өмір жолына арналған деректі фильм көрсетілді

Бүгін Алматыда белгілі актер, КСРО халық әртісі Асанәлі Ишімовтыӊ өмірі мен шығармашылық жолына арналған "Зеркальных дел мастер" ("Шарайна - шындық шебері") атты деректі фильмніӊ қазақ тіліндегі нұсқасыныӊ тұсаукесері өтті. Аталған іс-шара қазақ кино өнерініӊ тарланы Асанәлі Ишімовтыӊ 80 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылып отыр.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда белгілі актер, КСРО халық әртісі Асанәлі Ишімовтыӊ өмірі мен шығармашылық жолына арналған "Зеркальных дел мастер" ("Шарайна - шындық шебері") атты деректі фильмніӊ қазақ тіліндегі нұсқасыныӊ тұсаукесері өтті. Аталған іс-шара қазақ кино өнерініӊ тарланы Асанәлі Ишімовтыӊ 80 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылып отыр.

- Фильмніӊ аударылған нұсқасына риза болып отырмын. Көӊілімнен шықты. Бұл мен туралы түсірілген деректі фильмдердіӊ мықтысы. Бұл фильмді меніӊ 75-жылдығыма орай түсірген, ал 80-жылдығыма фильмді қазақ тіліне аудардық. Қазір киностудияда мен жайлы тағы бір деректі фильм түсіріліп жатыр. Оны ЭКСПО-2017 аясында көрсететін болады..." - деді Асанәлі Ишімов.

Деректі туынды Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында дубляждалған. Дубляждыӊ режиссері Мұрат Омаров. Мәтінін аударғандар ақын Болат Жетекбай мен Ерлан Жүніс.

Картинаны тамашалауға белгілі өнер қайраткерлері, мэтрдыӊ әріптестері мен шәкірттері келді. Көрсетілімнен кейін Асанәлі Ишімовтыӊ қатысуымен баспасөз отырысы өтті.

Айта кететін жайт, "Қазақфильм" киностудиясында қазақ киносыныӊ іргетасы қалыптасқаннан бергі осы күнге дейін танымалдылыққа ие болып келген актерлардыӊ бірегейі, Қазақстан Республикасыныӊ халық әртісі Асанәлі Ишімовтыӊ 80 жылдығына арналған деректі фильмніӊ түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл фильмде актердыӊ ауыр өмір жолы -сұрапыл соғысты көрген балалық шағы және халықтыӊ қошеметіне бөленіп, халық қалаулысы болғанға дейінгі өмірі баяндалады.

Фильм Асанәлі Ишімұлыныӊ актер және тұлға ретінде өсу кезеӊін көрсетеді. Кинокартинаға оныӊ жақын адамдары - әріптестері мен достары қатысқан. Фильмде архивтік суреттер, сахналық қойылымдар, хроникалық кадрлар және фильмдерден үзінділер келтірілген.

"Асанәлі Ишімов" деп аталатын бұл фильмде актердіӊ өмірге деген философиялық көзқарасы - өмір жолыӊды шахматтағы пешка боп бастап, жақындарыӊды жоғалтқанда ғана әр қадамды жасамас бұрын ойлану керектігін ұғынасыӊға саяды.

Ишімовтыӊ өмірлік ұстанымы - оныӊ жеке басы мен шығармашылығында орын алған оқиғалардыӊ нәтижесі. Соғыспен сәйкес келген балалық шағы, соғыстан кейінгі ержетіп есеюуі, актер ретіндегі алғашқы қадамдары - кейде сәтті, кейде сәтсіз, жақындарынан айырылуы, жалғыздығы, бәрі - оныӊ қазақ кинематографиясыныӊ мақтанышы атану жолында көтерілген бір сатысы болып қала бермек. Ишімовтыӊ өнер жолындағы әр қадамы туған жерінде ғана емес бүкіл Кеӊес және әлемде толық мойындалуына әкелді.

Фильм танымал актер, сценарист, кинорежиссер Асанәлі Ишімұлы Ишімовтыӊ өмірі мен киноалаӊдағы жеӊістері мен жеӊілістері, қайғысы мен қуанышы туралы баяндайды.

Сондай-ақ, бұл картинаны "ЭСПО - 2017" аясында Асанәлі Ишімовтыӊ 80-жылдығына орай халықаралық театр фестивалінде көрсететін болады.

Кейіпкер туралы:

Ишімов Асанәлі Ишімұлы - актер, кино және театр режиссері, сценарист, педагог. 1937 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыныӊ (1977 жылы Театралды-көркемдік институт болса, қазір Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген. 1961-1963 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында жұмыс атқарды. Осы жерде оныӊ кинематографиядағы қызметі басталған еді. 1963 жылы Мұхтар Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыныӊ актерлік құрамында және режиссері болды. 1987-1988 жылдары театрдыӊ көркемдік жетекшісі болды. Асанәлі Ишімов көптеген фильмдерге түсіп, "Атаманныӊ ақыры", "Транссібір экспресі", "Маньчжур нұсқасы" картиналарында басты рөлді сомдап, атақты болды. Театр мен кинода актер бола жүріп, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс берді (профессор).

1978 жылы Қазақ КСР халық әртісі

1980 жылы КСРО халық әртісі

1990 жылдан бері "Елім-ай" киностудиясында президент.

Серке Қожамқұлов, Шәкен Айманов, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов сынды қазақ театр өнерініӊ майталмандарымен бірге жұмыс атқарды. Театр сахнасында Нұрмұқан Жантурин, Ыдырыс Ноғайбаев, Инуар Молдабеков сынды белгілі актерлармен бірге өнер көрсетті.

Мұхтар Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50-ден астам рөлдерді сомдаған.

2007 жылы "Экран шебері" атағын алды.

Фильмографиясы

Режиссер ретінде төмендегі фильмдерді түсірген: "Аждаһа жылы" (1981), "Шоқан Уәлиханов" (1983,1984), "Жусан" (1986), "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" (1992), "Тұзды көл жағасындағы үй" (2004)

Көркем фильмдердегі сомдаған ролдері: "Ботагөз"(1957),"Ертістіӊ жағасында"(1959), "Қыз Жібек"(1969,1970), "Атаманныӊ ақыры"(1970), "Транссібір экспрессі" (1977), "Нан дәмі"(1979), "Маньчжур нұсқасы" (1989), "Саранча" ( 2001-2003), "Тұзды көл жағасындағы үй" (2004), "Ежелгі бұлғарлар дастаны". Шыӊғыс хан қызыныӊ махабаты туралы дастан (2005), "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (2009), "Кемпiр" (2015).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны