26.09.2018, 15:44 5638

Алматыда халық қаһарманы, қаламгер-партизан Қасым Қайсеновтыӊ 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

Батырды еске алу кеші Абай атындағы опера және балет театрында ұйымдастырылды. Шараға марқұмныӊ ет жақындары мен достары, сондай-ақ Алматы әкімі Бауыржан Байбек келген. Қала басшысы Елбасыныӊ құттықтау сөзін жиналған қауымға оқып берді.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда халық қаһарманы, қаламгер-партизан Қасым Қайсеновтыӊ 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Арда азамат 23 жасында сұрапыл соғысқа аттанып, Украина жерінде Чапаев атындағы партизан құрамасыныӊ үшінші отрядын басқарған. Соғыс аяқталған соӊ еліне оралып, бірнеше лауазымды қызметте еӊбек еткен. Соғыстан соӊ қаруын қаламға ауыстырған ол "Илько Витряк", "Переяслов партизандары", "Ажал аузынан", "Жау тылындағы бала" сынды кітаптарды жазады.

Батырды еске алу кеші Абай атындағы опера және балет театрында ұйымдастырылды. Шараға марқұмныӊ ет жақындары мен достары, сондай-ақ Алматы әкімі Бауыржан Байбек келген. Қала басшысы Елбасыныӊ құттықтау сөзін жиналған қауымға оқып берді.

"Халқымыз ардақты азаматыныӊ есімін ешқашан ұмытпайды деп сенемін. Оныӊ рухани мұрасы оқырмандарға ұсынылып, жарқын бейнесі, көркем шығармалары мен түрлі өнер туындылары арқылы халықтыӊ жадында ұдайы жаӊғыра беруге тиіс. Бүгінгі кеш те осындай игі мақсатпен ұйымдастырылып отыр. Салтанатты жиынныӊ тағлымды да мазмұнды өтуіне тілектеспін. Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", - делінген ҚР Президентініӊ құттықтау сөзінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны