24.08.2018, 22:49 4313

Алматыда халықаралық ARTBAT FEST'9 заманауи өнер фестивалі басталды

Фестивальдыӊ паблик арт жобасы халықаралық еуропалық ARTECITYA бағдарламасына енді. Оныӊ кураторлары француз сәулетшісі Simon Jacquemin (Симон Жакмин) мен словениялық суретші Martin Bricelj Baraga (Мартин Брикель Барага). Биылғы паблик арт жобаныӊ тақырыбы - "Су ағыны".

Алматы. 24 тамыз. Kazakhstan Today - 24 тамызда Алматыда жыл сайынғы халықаралық ARTBAT FEST'9 заманауи өнер фестивалі өз жұмысын бастады. Фестивальді ұйымдастырушы - 2011 жылы құрылған "Еуразиялық Мәдени Альянс" Қоғамдық қоры.

Фестиваль аясында мамыр айынан бастап жас қазақстандық суретшілерге арналған кезекті Көркем ым мектебі жұмыс істеді. Суретшілер қалалықтарға сегіз көрме жобасын ұсынды. Сонымен қатар, Ресейден, Үндістаннан, Изірбайжаннан, Швейцариядан келген суретшілердіӊ көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Фестиваль қарсаӊында "Заманауи алматылықтыӊ портреті" атты көркемдік зерттеу жүргізіліп, зерттеудіӊ нәтижелері ARTBAT FEST фестивалінде көрсетілді. Халықаралық "Арт проспект" жобасы аясында Алматыдағы резиденцияға белорус пен армян суретшілері келіп, фестивальға өз жұмыстарын ұсынды.

Фестивальдыӊ паблик арт жобасы халықаралық еуропалық ARTECITYA бағдарламасына енді. Оныӊ кураторлары француз сәулетшісі Simon Jacquemin (Симон Жакмин) мен словениялық суретші Martin Bricelj Baraga (Мартин Брикель Барага). Биылғы паблик арт жобаныӊ тақырыбы - "Су ағыны".

- Былтырғы жылы Симон екеуміз Алматыға бірінші рет келген кезде, бізді бұл қаланыӊ батыстыӊ қалаларынан және посткеӊестік өзге қалалардан ерекшеліктері аса қызықтырды, біз сол ерекшеліктерді түсінуге тырыстық. Біздіӊ көзіміздіӊ жеткені - су, Алматыныӊ тұрмыс-тіршілігі үшін, аса маӊызды элемент екен. Қаланыӊ ішіндегі арықтардыӊ желісі, таудағы селге қарсы қоршаулар, тау өзендері - су Алматыда ерекше мәртебеге ие және оныӊ жеке инфрақұрылымы бары анық. Сол себепті, алматылықтар көретін барлық инсталляциялар бір мәнінде сумен байланысты болады, ал кейбірі - тіпті, судыӊ көмегімен жұмыс істейді, - деп бөлісті паблик арт жобаныӊ кураторы Мартин Брикель Барага.


Сәтпаев көшесінен бастап Құрманғазы көшесіне дейін, Есентай өзенініӊ бойында, он инсталляция орнатылды. Олардыӊ авторлары - Қазақстанныӊ, Словенияныӊ, Италияныӊ суретшілері. Екі туынды - паблик арт жоба кураторларыныӊ бірлескен шығармашылығыныӊ жемісі.

- Словениядан келген BridA арт-тобы интерактивті көпір салады. Итальяндық суретші Марко Баротти "Аққулар" атты музыкалық кинетикалық инсталляциясын құрды. Ал қазақстандық сәулетші Исел Есжанова өз инсталляциясын Арал теӊізі маӊындағы жағдаймен байланыстырады. Былтырғы Венециялық биенналеніӊ қатысушылары, атақты қазақстандық суретшілер - Елена мен Виктор Воробьевтар да өз жобаларын ұсынады, - деп мәлімдеді ARTBAT FEST директоры Ольга Веселова.


Фестиваль аясында қала ортасына өнердіӊ әсер ету мәселелеріне арналған симпозиум өтті. Симпозиумға қатысушылар - түрлі елдерден келген суретшілер мен сәулетшілер - қалалық өнер мен дизайн жобаларын құру тәжірибесімен, қалалық ортаға өнерді енгізу мүмкіндіктерімен бөлісті.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны