22.09.2018, 19:50 8080

Алматыда халықаралық этно-фольклор-джаз фестивалі өтті

Алматыда Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ бастамасымен Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына орай халықаралық этно-фольклор-джаз фестивалі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ бастамасымен Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына орай халықаралық этно-фольклор-джаз фестивалі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақ ұлттық консерваториясындағы шара Астананыӊ Алматыдағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылды. Оған елімізге белгілі этно-фольклорлық жанрдыӊ танымал орындаушылары мен Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген өнерпаздар қатысты. Еліміздегі этностардыӊ мәдени дамуы мен этникалық әуендерді дәріптеуге арналған фестиваль алғаш рет 2015 жылы Астанада өткен. "Ал, биыл ұлттық музыка мен тарихи мұраны насихаттауға мол мүміндік туды",-дейді ұйымдастырушылар.

"Фестиваль биыл осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Оған тек қазақстанныӊ джаз және этнографиялық фольклорлық ұжымдары ғана емес, сонымен бірге алыс және жақын шетелдерден де ұжымдар да атсалысуда. Бұлар әдеттегідей Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей. Биыл Үндістандық музыканттар да қатысуда. Фестивальдіӊ басты мақсаты - ұлттық кодымызды сақтау. Қазақстанныӊ және оныӊ аумағында өмір сүретін басқа да ұлыстардыӊ мәдениетін сақтап қалу. Жыл сайынғы бұл фестиваль өз жемісін береді деп сенемін. Биылғы фестивальдіӊ ерекшелігі - оны Қазақстандағы жетекші музыкалық ЖОО - Құрманғазы атындағы консерваторияныӊ қабырғасында өткізіп отыруымызда. Алғаш рет Алматыда өткізіп отырмыз. Бұған дейін екі рет ол Астанада өткен болатын. Фестивальға Қазақстанныӊ түрлі өӊірлерінен, атап айтқанда, Қарағанды, Астана мен Алматы облысынан ұжымдар келді. Фестивальдіӊ тағы бір мақсаты - байланыстар орнату, музыкалық ұжымдар арасында мәдениетаралық байланысты бекіте түсу. Байланысымыздыӊ аясы кеӊейіп, фольк-джаз достығы бекемдене түсті", - деді "Қоғамдық келісім" РММ директорыныӊ орынбасары Хадиша Ерсейітова.

Сондай-ақ, фестивальге қатысушылардыӊ арасында қазақ мәдениетін ел іші мен одан тысқары жерлерде насихаттап жүрген бірегей музыкант Еділ Құсайынов та бар.


"Мұнда бір концертте барлық жанр бірікті. Музыканттар бір-бірінен сабақ алуда. Қазақ музыкасы барлығын біріктіруде. Қазақ музыкасы барлық тілдерде, барлық жанрларда ойналып жатқаны жақсылық емей немене? Біз адамдардыӊ көӊілінен шығып жатқанын олардыӊ шапалақ қағуынан сезінеміз. Демек, алған бағытымыз - дұрыс деген сөз. Қайда барсам да, мейлі Германия, мейлі Жапония немесе Америка болмасын, барлық жерлердегі концерттерде қазақ музыкасын жақсы қабылдайды. Сол арқылы олар бұған дейін естімеген жаӊа музыкалық әлемді ашады", - деді музыкант Еділ Құсайынов.

Фестиваль шеӊберінде тек концерттік бағдарлама ғана емес, сонымен бірге этножәрмеӊке де өткізілді. Оған қатысушылар қазақ этностиліндегі кәдесыйлар мен әшекейлік бұйымдарды сатып алу мүмкіндігіне ие болды.


"Мен зергерлік бұйымдармен 2004 жылдан бері шұғылданып келемін. Оларды жасауда алтын мен күміс пайдаланамыз. Алтын біреней металл, одан тамаша бұйымдар жасалады. Туындыларымызға бирюза, хризолит, яшма, аметист және жаһұт секілді тастарды да қосып жасаймыз.Ұлттық стильдегі бұйымдарды заманауи түрде жасаймыз. Уақыт ағымынан қалыспай келеміз. Көне шеберлердіӊ ізімен жүре беру, олардыӊ еӊбектерініӊ көшірмесін жасау қызығушылық тудырмайды, біз олардыӊ ізбасарларымыз. Біз дәстүрді, мәдениетімізді сақтаймыз, бірақ қазіргі заманғы қазақтыӊ зергерлік бұйымдарын жасауға тырысамыз. Олардан қазақ ұлтыныӊ жан-тәні заманауи сипатта көрініс табуына талпынамыз", - деді зергерлік бұйымдардыӊ шебері Асылбек Зейнешев.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны