24.11.2012, 15:06 3200

Алматыда халықаралық инновациялық форум басталды

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Жаңа ғылыми идеяларды Алматыдағы еркін экономикалық аймақ негізінде жұмыс жасап жатқан инновациялық паркте іске асыруға болады. Бүгінде бұл жерде салық, кедендік салымдар бойынша жеңілдіктер енгізілген. 2013 жылдан бастап парктің инженерлік инфрақұрлымдарын салуды бастаймыз. Сондықтан кәсіпкерлер мен ғалымдарды осы аймаққа шақырамыз",-деді.

Алматы. 24-қараша. Kazakhstan Today - Алматыда халықаралық инновациялық форум басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, аталған жиынға 200-ге жуық жас ғалым мен өнертапқыш қатысып отыр. ҚР Тұңғыш президенті қорының қолдауымен ұйымдастырылып отырған іс-шара қазақстандық инновациялық жобалардың іске асырылуына мүмкіндік береді. Алматы инновациялық форумы осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Жиынның басты мақсаты - ғылым мен бизнесті ұштастыра отырып, қазақ жастарының ғылыми идеяларының өндіріске енуіне ықпал жасау. Форумға жас ғалымдар мен өнертапқыштар қатысуда.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Жаңа ғылыми идеяларды Алматыдағы еркін экономикалық аймақ негізінде жұмыс жасап жатқан инновациялық паркте іске асыруға болады. Бүгінде бұл жерде салық, кедендік салымдар бойынша жеңілдіктер енгізілген. 2013 жылдан бастап парктің инженерлік инфрақұрлымдарын салуды бастаймыз. Сондықтан кәсіпкерлер мен ғалымдарды осы аймаққа шақырамыз",-деді.

Бүгінге дейін аймақта құны 540 млрд теңгені құрайтын 29 инвестициялық жоба іске асырылған. Осының арқасында мыңға жуық жаңа жұмыс орыны ашылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны