30.10.2018, 18:29 14275

Алматыда Халықаралық Шәкен Айманов Кинофестивалі өтеді

Шәкен Айманов ХКФ-бұл "Шәкен жұлдыздары" атты фестивальдіӊ заӊды жалғасы.Көпшіліктіӊ есінде ол жас дебютанттардыӊ туындыларын қарайтын фестиваль ретінде қалды.

Алматы. 30 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында 2018 жылдыӊ 17-21 қараша аралығында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов Кинофестивалі өтеді. Өзіндік тарихы бар бұл шара бүгінде елдіӊ мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналғалы отыр. Оӊтүстік астанада бұл жолы бас қосатын меймандар дүниежүзініӊ түпкір-түпкірінен келмек. Шара аясында әлемдік кинематографиядағы таӊдаулы туындылар көрсетіледі.

Шәкен Айманов ХКФ-бұл "Шәкен жұлдыздары" атты фестивальдіӊ заӊды жалғасы.Көпшіліктіӊ есінде ол жас дебютанттардыӊ туындыларын қарайтын фестиваль ретінде қалды. Жастарға бағыт-бағдар беріп, оларды қолдап, жаӊа есімдердіӊ танылуына көп үлес қосқан бұрынғы кинофестивальдіӊ ауқымы шектеулі болатын. Уақыт өте келе фестиваліміз өркендеп, құлашын жая түсуде. Мінекей,биыл ол мүлдем жаӊа форматта көрініс тауып отыр. Жаӊарған кинофестивальдіӊ басты концептуалдық идеясы- Орталық Азия жүрегі-Қазақстанда түркі әлемі кинематографистерініӊ басын біріктіру. Тарихқа көз жүгіртсек, түбі бір түркітілдес халықтар арасында мәдени байланыстыӊ тамыры ықылым замандардан жалғасып келеді. Сондықтан бұл жалғастықты жаӊа деӊгейге көтере отырып, қайта жандандыру - уақыт талабы.

Сонымен қатар, Шәкен Айманов Халықаралық кинофестивалі киноөндіріс саласында халықаралық байланыстарды дамытып, ынтымақтастықтыӊ тиімді механизмдерін жолға қоюды көздейді. Ауқымды мәдени шара аясында шығармашылық кездесулер, дөӊгелек үстелдер, конференциялар, шеберлік дәрістер ұйымдыстырылып, оған әлемдік киноматография саласында өз орны бар талант иелері қатысады.

Фестивальдіӊ президенті -КСРО Халық әртісі, отандық және кеӊестік кинематография саласында аты аӊызға айналған тұлға - Асанәлі Ишімов.

-Мұндай кинофестивальдар халыққа өте керек. Өйткені кино өнері - еӊ біріншіден халықтыӊ еншісіндегі дүние. Кинофестивальді жоғары деӊгейде абыроймен ұйымдастыратынымызға сенімім мол. Бұл қазақ киносыныӊ тарихын, оныӊ мәртебесін көтеріп, бізге өз ұстанымы бар басыбайлы ел болудыӊ жолын нұсқайды, - деді Ишімов.

Кинофестивальдіӊ бас директоры- қазақстандық танымал кинорежиссер, ҚР Кинематография Одағыныӊ төрағасы Ермек Тұрсынов.

-Біздіӊ мақсатымыз - саналы көрерменді қайтару. Біз оған қолындағы попкорнын ұмытып кететіндей кино көрсетуіміз керек. Көрерменніӊ талғамына аяқасты қарамай, онымен сапалы кинотілде сөйлескеніміз абзал. Мен шынайы өнер деп айтуға тұрарлық нағыз киноны меӊзеп тұрмын, -деді Ермек Тұрсынов өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны